---
title: "Еліміздегі үш тұғырлы тіл саясаты жас ұрпақ үшін өте маңызды."
description: "Жуырда ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев үштілділік оқыту жайында өз ойын білдірді. Мәлім..."
author: "Bekbolat1"
published: "2016-07-29T13:37:25+00:00"
modified: "2016-07-29T13:37:25+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/elimizdegi-sh-t-yrly-til-sayasaty-zhas-rpa-shin-te-ma-yzdy-704563"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/elimizdegi-sh-t-yrly-til-sayasaty-zhas-rpa-shin-te-ma-yzdy-704563/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Еліміздегі үш тұғырлы тіл саясаты жас ұрпақ үшін өте маңызды.

> Жуырда ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев үштілділік оқыту жайында өз ойын білдірді. Мәлім...

Жуырда ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев үштілділік оқыту жайында өз ойын білдірді. Мәлімдемеге сәйкес химия, физика, биология, информатика пәндерін үш тілде оқыту жоспарланбақ, сонымен қатар қазақ тілінде де жаңа әдістемемен оқыту көзделіп отыр. Жаңа бастамаға сәйкес, осы жылдан бастап 73 мың мектеп мұғалімі әдістемеге сай дайындықтан өтті. Аталған реформаны іске асыру үшін, 2016 жылы еліміздегі 2,5 мың мектеп интернет желісіне қосылады. Осыдан кейін, жаратылыстану пәндерін ағылшын тілінде оқыту бастау алмақ. Жаңа реформаның келесі бір негізгі мақсаты - орысша білім алатын оқушылардың қазақ тілінде сөйлеу қабілеттерін арттыру. Бұл мақсатқа жету жолында ғылыми-зерттеу институттарының қатысуымен қазақ тілін меңгерудің жаңа әдістемесі әзірленуде. Өз кезегінде, бұл қазақ тілін алты айда толық меңгеріп шығуға мүмкіндік береді. Аталған жаңа реформалардың жас ұрпақтың саналы да салиқалы болып өсуіне тигізер септігі мол екеніне сенеміз.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/elimizdegi-sh-t-yrly-til-sayasaty-zhas-rpa-shin-te-ma-yzdy-704563](https://yvision.kz/kk/post/elimizdegi-sh-t-yrly-til-sayasaty-zhas-rpa-shin-te-ma-yzdy-704563)