---
title: "Еліміздегі министрліктің Telegram-арнасына министрді орнынан алу туралы петиция шыққан"
description: "Қызық жағдай болып тұр. Еліміздің денсаулық сақтау министрлігінің Telegram-арнасына министрді..."
author: "jan.123"
published: "2024-01-11T08:31:54+00:00"
modified: "2024-01-11T08:44:55+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/elimizdegi-ministrlikti-telegram-arnasyna-ministrdi-ornynan-alu-turaly-peticiya-shy-an-999766"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/elimizdegi-ministrlikti-telegram-arnasyna-ministrdi-ornynan-alu-turaly-peticiya-shy-an-999766/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Еліміздегі министрліктің Telegram-арнасына министрді орнынан алу туралы петиция шыққан

> Қызық жағдай болып тұр. Еліміздің денсаулық сақтау министрлігінің Telegram-арнасына министрді...

Қызық жағдай болып тұр. Еліміздің денсаулық сақтау министрлігінің Telegram-арнасына министрді отставкаға жіберу туралы петиция шығып кеткен. Ведомстводағылар мұны техникалық қате деп отыр.

![Еліміздегі министрліктің Telegram-арнасына министрді орнынан алу туралы петиция шыққан](https://storage.yvision.kz/images/user/577780/51fa630353d6652dd3b90d0a396e98.jpg)

Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері ведомствоның Telegram-арнасында министр Ажар Ғиниятты отставкаға жіберу туралы петиция бар материалға сілтеме қалай жарияланып кеткенін түсіндірді.

Олардың айтуынша, бұл материал ведомствоның Telegram-арнасына қателікпен шығып кеткен.

"Бұл жазба осы петицияны теріске шығару мақсатындағы материалды жариялау кезінде интернет дұрыс істемеуіне байланысты жарияланды. Петицияның мазмұны шындыққа жанаспайтындықтан, азаматтарды жалған ақпаратқа сендіретіндіктен, ведомствоның баспасөз қызметі теріске шығару мәтінін дайындады", - деп ақталуда министрлік мамандары.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/elimizdegi-ministrlikti-telegram-arnasyna-ministrdi-ornynan-alu-turaly-peticiya-shy-an-999766](https://yvision.kz/kk/post/elimizdegi-ministrlikti-telegram-arnasyna-ministrdi-ornynan-alu-turaly-peticiya-shy-an-999766)