---
title: "Елімізде жылу маусымына дайындық кестеге сай жүргізіліп жатыр"
description: "Жылу маусымына дайындық кестеге сай жүргізіліп жатыр. Еліміздің солтүстік, шығыс, батыс және орта..."
author: "minenergo"
published: "2017-10-04T22:25:43+00:00"
modified: "2017-10-04T22:25:43+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/elimizde-zhylu-mausymyna-dayyndy-kestege-say-zh-rgizilip-zhatyr-780661"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/elimizde-zhylu-mausymyna-dayyndy-kestege-say-zh-rgizilip-zhatyr-780661/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Елімізде жылу маусымына дайындық кестеге сай жүргізіліп жатыр

> Жылу маусымына дайындық кестеге сай жүргізіліп жатыр. Еліміздің солтүстік, шығыс, батыс және орта...

Жылу маусымына дайындық кестеге сай жүргізіліп жатыр. Еліміздің солтүстік, шығыс, батыс және орталық өңірінде әлеуметтік нысандар мен тұрғын үйлердің 80 пайыздан астамы жылумен қамтылған. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Энергетика министрлігінің комитет төрағасы Сұңғат Есімханов осылай деді. Айтуынша, елдегі 10 энергоблок, 58 қазандық пен 47 турбина қараша айында толық жөнделіп бітеді. **Сұңғат Есімханов, ҚР ЭМ Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің төрағасы:** **-Электр желілері туралы айтсақ, жалпы кесте бойынша 25 мың шақырым артық электр желілері мен 6 мыңнан аcа қосалқы станциялар жөндеу жұмыстарынан өту керек еді. Бүгін оның 95%-ы аяқталды. Осы қазан айында қалған 5% толық аяқталады деп айта аламыз. Электр станциялары қоймаларында 4,8 млн тонна көмір жиналды. Бұл былтырғыдан 1,5 млн тоннаға артық.** [http://khabar.kz/kz/news/kogam-kz/item/92534-elimizde-zhylu-mausymyna-dajyndy-kestege-saj-zh-rgizilip-zhatyr](http://khabar.kz/kz/news/kogam-kz/item/92534-elimizde-zhylu-mausymyna-dajyndy-kestege-saj-zh-rgizilip-zhatyr)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/elimizde-zhylu-mausymyna-dayyndy-kestege-say-zh-rgizilip-zhatyr-780661](https://yvision.kz/kk/post/elimizde-zhylu-mausymyna-dayyndy-kestege-say-zh-rgizilip-zhatyr-780661)