---
title: "Елімізде жауын-шашынды, жаңбырлы ауа райы сақталып,..."
description: "\"Қазгидромет\" бүгін және алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын жария етті. Фото: sputnik.kz «Қазгидромет» РМК баспасөз хатшысы Алина Смағұлованың хабарлауынша, еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады. \"Оңтүстікте, оңтүстік-шығыста..."
author: "orazali"
published: "2024-04-12T06:54:35+00:00"
modified: "2024-04-12T06:55:14+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/elimizde-zhauyn-shashyndy-zheldi-aua-rayy-sa-talyp-tipti-k-ktay-a-bolady-1003302"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/elimizde-zhauyn-shashyndy-zheldi-aua-rayy-sa-talyp-tipti-k-ktay-a-bolady-1003302/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Елімізде жауын-шашынды, жаңбырлы ауа райы сақталып,...

> "Қазгидромет" бүгін және алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын жария етті. Фото: sputnik.kz «Қазгидромет» РМК баспасөз хатшысы Алина Смағұлованың хабарлауынша, еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады. "Оңтүстікте, оңтүстік-шығыста...

*"Қазгидромет" бүгін және алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын жария етті. *

![undefined](https://storage.yvision.kz/images/user/577776/ff76ca8f0597ba508fe912f33b3bf3.jpg)

Фото: sputnik.kz

«Қазгидромет» РМК баспасөз хатшысы Алина Смағұлованың хабарлауынша, еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады. "Оңтүстікте, оңтүстік-шығыста қатты жаңбыр, шығыста, орталықта жауын-шашын (жаңбыр, қар) болжанады. Қазақстан бойынша тұман, жел күшейеді, солтүстікте, шығыста көктайғақ, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста найзағай, оңтүстік-батыста күндіз шаңды дауыл болады деген болжам бар. Жетісудағы Алакөл ауданында кей жерлерде желдің күші 30 м/с және одан да көп екпінді болуы мүмкін", - деді Алина Смағұлова.

12-14 сәуір аралығында СҚО Қызылжар ауданында және Петропавлда жауын-шашынның болжамына байланысты мұз құбылыстары әсерінен (мұз жүру, мұз кептелістері) Есіл өзеніндегі су деңгейі қауіпті деңгейге дейін күрт көтерілу**і, **асып кетуі және судың өзен жағасынан шығуы күтілуде. 11 сәуірде Есіл ө. гидрологиялық бекетінде су деңгейі 894 см жеткен, қауіпті деңгей – 980 см.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/elimizde-zhauyn-shashyndy-zheldi-aua-rayy-sa-talyp-tipti-k-ktay-a-bolady-1003302](https://yvision.kz/kk/post/elimizde-zhauyn-shashyndy-zheldi-aua-rayy-sa-talyp-tipti-k-ktay-a-bolady-1003302)