---
title: "Елімізде «әйелдер вагонына» деген сұраныс артып жатыр"
description: "Жыл басынан бері онда жол жүру қызметін 70 мыңға жуық жолаушы пайдаланған. Фото: railways.kz «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2 есе артық. Яғни 2023..."
author: "seri.jigit"
published: "2024-05-11T05:15:55+00:00"
modified: "2024-05-11T05:15:55+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/elimizde-yelder-vagonyna-degen-s-ranys-artyp-zhatyr-1004476"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/elimizde-yelder-vagonyna-degen-s-ranys-artyp-zhatyr-1004476/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Елімізде «әйелдер вагонына» деген сұраныс артып жатыр

> Жыл басынан бері онда жол жүру қызметін 70 мыңға жуық жолаушы пайдаланған. Фото: railways.kz «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2 есе артық. Яғни 2023...

*Жыл басынан бері онда жол жүру қызметін 70 мыңға жуық жолаушы пайдаланған.*

![undefined](https://storage.yvision.kz/images/user/577778/330ed0257bdf3f2878815e0fc0f216.jpg) Фото: railways.kz

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2 есе артық. Яғни 2023 жылдың осы мерзімінде «әйелдер вагонының» қызметіне 34 мыңнан астам жолаушы жүгінген. Қазір «әйелдер вагоны» 8 жолаушылар пойызының құрамында бар: *-№77/78 «Алматы-Маңғыстау» №07 купе вагоны;* *-№351/352 «Алматы-Өскемен» №10 купе вагоны.* *-№45/46 «Павлодар-Түркістан» №09 купе вагоны;* *-№37/38 «Маңғыстау-Семей» №06 купе вагоны;* *-№47/48 «Атырау-Астана» №06 купе вагоны;* *-№33/34 «Ақтөбе-Алматы-1» №06 купе вагоны;* *-№4/3 «Астана-Алматы-2» №17 купе вагоны;* *-№71/72 «Астана-Шымкент» №10 купе вагоны.* Бұл вагондарға билеттер тек әйелдерге сатылады және әйел жолсеріктер жұмыс істейді. Сонымен қатар «әйелдер вагонында» 7 жасқа дейінгі ұлдардың жүруіне рұқсат етілген.

Айта кетейік, пойыздардағы мұндай қызметті 2021 жылдың басында енгізілген. Содан бері оны 359 мыңнан астам жолаушы пайдаланыпты.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/elimizde-yelder-vagonyna-degen-s-ranys-artyp-zhatyr-1004476](https://yvision.kz/kk/post/elimizde-yelder-vagonyna-degen-s-ranys-artyp-zhatyr-1004476)