---
title: "Елімізде тыйым салынған және дәстүрлі емес діни ағымдардың алдын алу"
description: "Елімізде тыйым салынған және дәстүрлі емес діни ағымдардың елімізге тигізер кері әсерлерін былай тіз..."
author: "OOLIKBEZ"
published: "2014-12-19T00:17:32+00:00"
modified: "2014-12-19T00:17:32+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/elimizde-tyyym-salyn-an-zh-ne-d-st-rli-emes-dini-a-ymdardy-aldyn-alu-451203"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/elimizde-tyyym-salyn-an-zh-ne-d-st-rli-emes-dini-a-ymdardy-aldyn-alu-451203/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Елімізде тыйым салынған және дәстүрлі емес діни ағымдардың алдын алу

> Елімізде тыйым салынған және дәстүрлі емес діни ағымдардың елімізге тигізер кері әсерлерін былай тіз...

Елімізде тыйым салынған және дәстүрлі емес діни ағымдардың елімізге тигізер кері әсерлерін былай тізбектеуімізге болады:

**Біріншіден,** бұлар мемлекеттің ішкі қауіпсіздігіне зиян тигізеді.

**Екіншіден,** дамыған немесе даму үстіндегі тыныш жатқан бір елді тоқырауға жіберудің бір тәсілі түрлі діни ағымдар арқылы қоғам ішіндегі іріткі тудырады.

**Үшіншіден,** мемлекеттің болашағы білім мен ғылымға, экономика мен көреген саясатқа байланысты. Ал дәстүрлі емес діни ағымдар білім мен ғылымға қарсы келеді.

**Төртіншіден,** болашақ жастардың қолында деп білеміз. Олай болса, дәстүрлі емес діни ағамдар біздің болашағымыз деп үміт артып отырған жастарымызды өз қатарларына тартумен келешекке қауіп төндіреді.

**Бесіншіден,** уақыт өте келе дінаралық қақтығыс тудырады.

**Алтыншыдан,** қоғамды діннен, руханияттан алшақтату арқылы қоғамды дінге қарсы қояда.

Сол себепті жастарымызды имандылыққа, білімге, ата-бабаларымыздың сан ғасырлар бойы ұстанып келген асыл дініміз исламға оның ішінде Ханафи мәзһабы бойынша тәрбие берсек түрлі жат ағымдардың жетегіне кетпейтін, отанын, елін, жерін сүйетін, салт-дәстүрін, тілін, мәдениетін берік ұстайтын ел азаматы болады.

Ендеше, еліміздегі, дінімізді сақтауда осындай кереғар ағымдардың іс-әрекетінен аулақ болайық, ағайын!

***Ордабасы ауданының ішкі саясат бөлімінің тапсырысы бойынша***

Кездесуді ұйымдастырған: Шамшиев М. ЖК, моб.тел: 8 775 681 33 33

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/elimizde-tyyym-salyn-an-zh-ne-d-st-rli-emes-dini-a-ymdardy-aldyn-alu-451203](https://yvision.kz/kk/post/elimizde-tyyym-salyn-an-zh-ne-d-st-rli-emes-dini-a-ymdardy-aldyn-alu-451203)