---
title: "Елімізде әрбір екінші адам жарнамаға сеніп дәрі-дәрмек сатып алады"
description: "Әрбір екінші қазақстандық жарнамаға сеніп не болмаса жұрттың кеңесі бойынша дәрі-дәрмек қабылдай..."
author: "kulmakhan"
published: "2014-02-17T16:42:44+00:00"
modified: "2014-02-17T16:42:44+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/elimizde-rbir-ekinshi-adam-zharnama-a-senip-d-ri-d-rmek-satyp-alady-401170"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/elimizde-rbir-ekinshi-adam-zharnama-a-senip-d-ri-d-rmek-satyp-alady-401170/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Елімізде әрбір екінші адам жарнамаға сеніп дәрі-дәрмек сатып алады

> Әрбір екінші қазақстандық жарнамаға сеніп не болмаса жұрттың кеңесі бойынша дәрі-дәрмек қабылдай...

![Елімізде әрбір екінші адам жарнамаға сеніп дәрі-дәрмек сатып алады](https://storage.yvision.kz/images/user/kulmakhan/YBCVPUnHcRYyUHwQNI2d3fKzb9gnYd.jpg)

## Әрбір екінші қазақстандық жарнамаға сеніп не болмаса жұрттың кеңесі бойынша дәрі-дәрмек қабылдайды. Бұл жөнінде 17 ақпан күні Мәжілісте өткен үкіметтік сағатта ҚР Денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбекова мәлім етті, - "біз әлеуметтік зерттеу жүргіздік, нәтижесінде әрбір төртінші қазақстандықтың антибиотиктерді бақылаусыз, әрбір екінші қазақстандықтың дәріні жарнама бойынша немесе достары мен көршілерінің кеңесі бойынша қабылдайтыны анықталды".

## Министрдің айтуынша, Дүниежүзілік банк жобасының аясында денсаулық сақтауды дамыту орталығы жанынан ақпараттық-талдау орталығы ашылған. Осы орталыққа жылына 26 мың азамат хабарласып, ақпарат алады екен.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/elimizde-rbir-ekinshi-adam-zharnama-a-senip-d-ri-d-rmek-satyp-alady-401170](https://yvision.kz/kk/post/elimizde-rbir-ekinshi-adam-zharnama-a-senip-d-ri-d-rmek-satyp-alady-401170)