---
title: "Елімізде неше бала тұрмысы нашар отбасыларда тұрады?"
description: "ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкілі Динара Зәкиева еліміздегі тұрмысы нашар отбасыларда тұратын балалардың санын айтты. Фото: freepik Динара Зәкиеваның есебі бойынша, жағдайы нашар отбасыларда 12 мың бала өмір сүріп жатыр. \"Ол балалар үйде..."
author: "orazali"
published: "2024-04-11T11:16:00+00:00"
modified: "2024-04-11T11:16:00+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/elimizde-neshe-bala-t-rmysy-nashar-otbasylarda-t-rady-1003276"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/elimizde-neshe-bala-t-rmysy-nashar-otbasylarda-t-rady-1003276/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Елімізде неше бала тұрмысы нашар отбасыларда тұрады?

> ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкілі Динара Зәкиева еліміздегі тұрмысы нашар отбасыларда тұратын балалардың санын айтты. Фото: freepik Динара Зәкиеваның есебі бойынша, жағдайы нашар отбасыларда 12 мың бала өмір сүріп жатыр. "Ол балалар үйде...

*ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкілі Динара Зәкиева еліміздегі тұрмысы нашар отбасыларда тұратын балалардың санын айтты.*

![undefined](https://storage.yvision.kz/images/user/577776/fc3e5cb983959a0cf50759fdc36733.jpg)

Фото: freepik

Динара Зәкиеваның есебі бойынша, жағдайы нашар отбасыларда 12 мың бала өмір сүріп жатыр.

"Ол балалар үйде ата-анасының жанында, яғни оларды ата-ана құқығынан ешкім айырған жоқ. Бұл отбасылар бақылауда тұр. Балалары да отбасында тәрбиеленуде", - деді Бала құқықтары жөніндегі уәкіл.

Ол бұл қадамдар баланың отбасында өмір сүру мүмкіндігін барынша сақтау үшін жасалаынын жеткізді.

«Мемлекетіміздің мақсаты — отбасын нығайту. Сондықтан баланы отбасынан себепсіз әрі негізсіз тартып алуы мүмкін деп айту дұрыс емес», — деді Динара Зәкиева.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/elimizde-neshe-bala-t-rmysy-nashar-otbasylarda-t-rady-1003276](https://yvision.kz/kk/post/elimizde-neshe-bala-t-rmysy-nashar-otbasylarda-t-rady-1003276)