---
title: "Елімізде әлеуметтік желіде діни уағыз айтуға тыйым..."
description: "Бұл сұраққа Мәдениет және ақпарат министрінің орынбасары Қанат Ысқақов жауап берді. Сенат отырысынан кейінгі брифингте вице-министрге \"Қазақстанда Өзбекстандағыдай әлеуметтік желіде діни уағыз жүргізуге тыйым салына ма?\" деген сұрақ қойылды...."
author: "jan.123"
published: "2024-06-06T11:20:38+00:00"
modified: "2024-06-06T11:24:50+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/elimizde-leumettik-zhelide-dini-ua-yz-aytu-a-tyyym-salyna-ma-1005383"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/elimizde-leumettik-zhelide-dini-ua-yz-aytu-a-tyyym-salyna-ma-1005383/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Елімізде әлеуметтік желіде діни уағыз айтуға тыйым...

> Бұл сұраққа Мәдениет және ақпарат министрінің орынбасары Қанат Ысқақов жауап берді. Сенат отырысынан кейінгі брифингте вице-министрге "Қазақстанда Өзбекстандағыдай әлеуметтік желіде діни уағыз жүргізуге тыйым салына ма?" деген сұрақ қойылды....

*Бұл сұраққа Мәдениет және ақпарат министрінің орынбасары Қанат Ысқақов жауап берді.*

![undefined](https://storage.yvision.kz/images/user/577780/b53f3d80ffcb575b4ca39f173c4c12.jpg)

Сенат отырысынан кейінгі брифингте вице-министрге "Қазақстанда Өзбекстандағыдай әлеуметтік желіде діни уағыз жүргізуге тыйым салына ма?" деген сұрақ қойылды. "Көршіміздің бұл тәжірибесін білеміз. Менің ойымша, әлеуметтік желілер де - үммет және азаматтармен байланыс орнатудың бір құралы. Сондықтан біз әзірше басқа нұсқаны қарастырып жатырмыз. Бірақ әлеуметтік желіде уағыз жүргізуге тыйым салу мәселесі қарастырылып отырған жоқ", - деді Ысқақов.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/elimizde-leumettik-zhelide-dini-ua-yz-aytu-a-tyyym-salyna-ma-1005383](https://yvision.kz/kk/post/elimizde-leumettik-zhelide-dini-ua-yz-aytu-a-tyyym-salyna-ma-1005383)