---
title: "Елiмiзде «Евро-4» жəне «Евро-5» стандартына сәйкес бензин шығарылады"
description: "Айымгүл ӘБІЛЕВА, 6 маусым 2016 ж 10:59 , Астана ФОТО: spokoino.ru Қазіргі таңда еліміздегі үш мұна..."
author: "minenergo"
published: "2016-07-11T23:52:55+00:00"
modified: "2016-07-11T23:52:55+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/elimizde-evro-4-zhene-evro-5-standartyna-s-ykes-benzin-shy-arylady-701818"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/elimizde-evro-4-zhene-evro-5-standartyna-s-ykes-benzin-shy-arylady-701818/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Елiмiзде «Евро-4» жəне «Евро-5» стандартына сәйкес бензин шығарылады

> Айымгүл ӘБІЛЕВА, 6 маусым 2016 ж 10:59 , Астана ФОТО: spokoino.ru Қазіргі таңда еліміздегі үш мұна...

[Айымгүл ӘБІЛЕВА](http://bnews.kz/kz/news/author/5), 6 маусым 2016 ж 10:59 , [Астана](http://bnews.kz/kz/news/regioni/astana)

![Елiмiзде «Евро-4» жəне «Евро-5» стандартына сәйкес бензин шығарылады](http://bnews.kz/storage/57/5730ebb9b0ed2bc206d131756dcef6a0_resize_w_840_h_.jpg)

ФОТО: spokoino.ru

Қазіргі таңда еліміздегі үш мұнай өңдеу зауытында модернизация жұмыстары жүріп жатыр. Жаңғырту нәтижесінде Қазақстанда «Евро-4» жəне «Евро-5» стандартына сәйкес бензин шығарылатын болады. Бұл туралы бүгiн халыққа есеп берiп жатқан ҚР Энергетика министрi Қанат Бозымбаев айтты, деп хабарлайды BNews.kz тiлшiсi.

Министрдiң баяндауынша, 2015 жылы елде 14,5 млн тонна мұнай өңделген. Ал 2016 жылы 14 млн тонна мұнай өңдеу жоспарланған.

> «Биылғы жылдың төрт айында өңделген мұнай көлемi 4 млн 230 мың тоннаны құрады. Ақпан-наурыз айларында өңделген мұнай көлемi мұнай өңдеу зауыттарында шикiзаттың бағасы өте төмен болғандықтан аз болды. Сондай-ақ, өндiрiс көлемiне көршi Ресейдегi мұнай өнiмдерiнiң бағасы да әсер етедi. Қазiр Ресей нарығында бiздiң нарықпен салыстырғанда мұнай өнiмдерiнiң бағасы жоғары. Сондықтан министрлiк үнемi мониторинг жүргiзiп, тапшылыққа жол бермеу үшiн iшкi нарықты мұнай өнiмдерiн қамтамасыз ету үшiн тиiстi шаралар қабылдайды», - дедi Қ.Бозымбаев.

Қазіргі таңда еліміздегі үш мұнай өңдеу зауытында модернизация жүріп жатыр. Министр атап өткендей, осы жұмыстың нәтижесінде Қазақстанда «Евро-4» жəне «Евро-5» стандартына сәйкес бензин шығарылатын болады.

> «Сонымен қатар, біз ішкі жанармай нарығын сапалы бензинмен қамтуды көздеп отырмыз. Бұл мәселелерді біз жан-жақты талдап, алдағы жылдарға жоспар əзірлеуге кірістік», - дедi министр.

Айта кетейiк, Астанада ҚР Энергетика министрi Қанат Бозымбаев халыққа есеп берiп жатыр. Ол министрлiктiң атқарған жұмысын баяндап, тұрғындарды алдағы жоспармен таныстырады.

 

[http://bnews.kz/kz/news/ekonomika/elimizde_evro4_zhne_evro5_standartina_saikes_benzin_shigariladi-2016_06_06-1274867](http://bnews.kz/kz/news/ekonomika/elimizde_evro4_zhne_evro5_standartina_saikes_benzin_shigariladi-2016_06_06-1274867)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/elimizde-evro-4-zhene-evro-5-standartyna-s-ykes-benzin-shy-arylady-701818](https://yvision.kz/kk/post/elimizde-evro-4-zhene-evro-5-standartyna-s-ykes-benzin-shy-arylady-701818)