---
title: "Елімізде бүгіннен бастап вейпке тыйым салынды"
description: "Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев вейпке тыйым салатын заңға қол қойды. Фото: deva-dent.ru Денсаулық сақтау мәселесіне қатысты заңда темекі өнімдерін, вейптерді, хош иістендіргіштерді және оларға арналған сұйықтықтарды сатуға,..."
author: "jan.123"
published: "2024-06-20T06:55:36+00:00"
modified: "2024-06-20T06:55:36+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/elimizde-b-ginnen-bastap-veypke-tyyym-salyndy-1005845"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/elimizde-b-ginnen-bastap-veypke-tyyym-salyndy-1005845/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Елімізде бүгіннен бастап вейпке тыйым салынды

> Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев вейпке тыйым салатын заңға қол қойды. Фото: deva-dent.ru Денсаулық сақтау мәселесіне қатысты заңда темекі өнімдерін, вейптерді, хош иістендіргіштерді және оларға арналған сұйықтықтарды сатуға,...

*Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев**** ****вейпке тыйым салатын заңға қол қойды. *

![undefined](https://storage.yvision.kz/images/user/577780/1be1ebc4dcad484bf5a6add704715b.jpg)

*Фото: deva-dent.ru*

Денсаулық сақтау мәселесіне қатысты заңда темекі өнімдерін, вейптерді, хош иістендіргіштерді және оларға арналған сұйықтықтарды сатуға, таратуға, сондай-ақ оларды жарнамалауға тыйым салу қарастырылған.** ** Бұл шектеу хиттер немесе темекі қыздыру жүйесіне (IQOS, GLO, PLOOM, iFuse) қатысты емес.** **Тыйымның негізгі себебі болашақ ұрпақтың денсаулығын сақтау. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 11 мен 15 жас аралығындағы жасөспірімдердің шамамен 10%-ы тұрақты түрде вейп тартады. Жасөспірімдер арасында электронды темекі қолданудың өсуі жаһандық проблема болып отыр. @qazaqstantv

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/elimizde-b-ginnen-bastap-veypke-tyyym-salyndy-1005845](https://yvision.kz/kk/post/elimizde-b-ginnen-bastap-veypke-tyyym-salyndy-1005845)