---
title: "Елімізде бүгінгі ауа райы құбылмалы болады"
description: "Атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты 14 қаңтарда еліміздің басым бөлігінде ауа..."
author: "orazali"
published: "2024-01-14T03:11:26+00:00"
modified: "2024-01-14T03:14:16+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/elimizde-b-gingi-aua-rayy-bylmaly-bolady-999840"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/elimizde-b-gingi-aua-rayy-bylmaly-bolady-999840/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Елімізде бүгінгі ауа райы құбылмалы болады

> Атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты 14 қаңтарда еліміздің басым бөлігінде ауа...

*Атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты 14 қаңтарда еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады.*

![Елімізде бүгінгі ауа райы құбылмалы болады](https://storage.yvision.kz/images/user/577776/f3f4f0a3e9a904ed01f5541c151e8a.jpg)

24.kz

«Қазгидромет» РМК мәліметіне сәйкес, республиканың солтүстігі мен шығысында қалың қар жауады. Еліміздің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Тек батыста күн райы жауын-шашынсыз болады деп болжанып отыр.

Еліміз бойынша тұман түсіп, көктайғақ, бұрқасын болады, жел тұрады.

Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігі мен шығысында екпіні 30 м/с күшті жел болады.

kaz.inform.kz

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/elimizde-b-gingi-aua-rayy-bylmaly-bolady-999840](https://yvision.kz/kk/post/elimizde-b-gingi-aua-rayy-bylmaly-bolady-999840)