---
title: "Елімізде «Қазақстан Республикасының үздік мемлекеттік қызметшісі» республикалық конкурсы жарияланды"
description: "5 сәуірде «Қазақстан Республикасының үздік мемлекеттік қызметшісі» республикалық конкурсы басталады..."
author: "anticorruptionZKO"
published: "2019-04-10T11:38:31+00:00"
modified: "2019-04-10T11:38:31+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/elimizde-aza-stan-respublikasyny-zdik-memlekettik-yzmetshisi-respublikaly-konkursy-zhariyalandy-830200"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/elimizde-aza-stan-respublikasyny-zdik-memlekettik-yzmetshisi-respublikaly-konkursy-zhariyalandy-830200/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Елімізде «Қазақстан Республикасының үздік мемлекеттік қызметшісі» республикалық конкурсы жарияланды

> 5 сәуірде «Қазақстан Республикасының үздік мемлекеттік қызметшісі» республикалық конкурсы басталады...

5 сәуірде «Қазақстан Республикасының үздік мемлекеттік қызметшісі» республикалық конкурсы басталады.

Конкурстың мақсаты – Мемлекеттік қызметтің беделін көтеру, мемлекеттік басқарудың озық тәжірибелерін тарату, үздік кәсіби білімі мен дағдылары бар Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерін анықтау және ынталандыру, олардың уәждемелік жүйесін жетілдіру.

Конкурс екі кезеңнен тұрады.

I кезең – өңірлік (облыстық) деңгей. Конкурсқа құжаттарды қабылдау және оларды тексеру 2019 жылдың 5 мамырына дейін жүргізіледі.

II кезең – республикалық деңгей.

Толық ақпарат Агенттіктің ресми сайтында орналастырылған арнайы Әдістемелік ұсынымда көрсетілген.

Қосымша ақпаратты 509282, 509446 телефондары арқылы ала аласыз.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/elimizde-aza-stan-respublikasyny-zdik-memlekettik-yzmetshisi-respublikaly-konkursy-zhariyalandy-830200](https://yvision.kz/kk/post/elimizde-aza-stan-respublikasyny-zdik-memlekettik-yzmetshisi-respublikaly-konkursy-zhariyalandy-830200)