---
title: "Елімізде А гепатиті өршіп жатыр"
description: "ҚАЗАҚСТАНДА А ГЕПАТИТІМЕН СЫРҚАТТАНУШЫЛЫҚТЫҢ ӨСУІ ТІРКЕЛДІ 2024 жылдың басынан бері елде жіті А вирустық гепатитінің 850 жағдайы тіркелді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,9 есе..."
author: "seri.jigit"
published: "2024-03-24T08:09:29+00:00"
modified: "2024-03-24T08:09:29+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/elimizde-a-gepatiti-rship-zhatyr-1002588"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/elimizde-a-gepatiti-rship-zhatyr-1002588/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Елімізде А гепатиті өршіп жатыр

> ҚАЗАҚСТАНДА А ГЕПАТИТІМЕН СЫРҚАТТАНУШЫЛЫҚТЫҢ ӨСУІ ТІРКЕЛДІ 2024 жылдың басынан бері елде жіті А вирустық гепатитінің 850 жағдайы тіркелді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,9 есе...

ҚАЗАҚСТАНДА А ГЕПАТИТІМЕН СЫРҚАТТАНУШЫЛЫҚТЫҢ ӨСУІ ТІРКЕЛДІ

2024 жылдың басынан бері елде жіті А вирустық гепатитінің 850 жағдайы тіркелді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,9 есе жоғары.

А ВИРУСТЫҚ ГЕПАТИТІНІҢ БЕРІЛУ ЖОЛДАРЫ

А вирустық гепатиті лас сумен, ластанған тағаммен және науқаспен байланыста болғаннан кейін кір қолдар арқылы беріледі.

А ВИРУСТЫҚ ГЕПАТИТІ АУРУЫНЫҢ БЕЛГІЛЕРІ

Аурудың белгілері - дене температурасының жоғарылауы, бастың ауруы, тәбеттің төмендеуі, енжарлық, жүректің айнуы, құсу.

Инкубациялық кезең - 14-тен 35 күнге дейін.

А гепатитімен ауыратын науқас симптомдар пайда болғанға дейін 2 аптада және бір аптадан кейін басқаларға жұқпалы болады

ВАКЦИНАЦИЯЛАУ А ВИРУСТЫҚ ГЕПАТИТІНЕН ҚОРҒАЙДЫ

Вакцинациялауға жатады:
- екі жастағы балалар;
- инфекция ошақтарындағы байланыстағы адамдар.

ГЕПАТИТ ИНФЕКЦИЯСЫНАН ҚАЛАЙ САҚТАНУҒА БОЛАДЫ:
- тамақтанар алдында, дәретханаға барғаннан кейін, жұмыстан оралғанда, серуендегенде қолыңызды жуыңыз;

-ашық су қоймаларынан қайнатылмаған су ішпеңіз және онымен жемістер мен көкөністерді жууға болмайды;

-ластанған су айдындарында шомылуға болмайды.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/elimizde-a-gepatiti-rship-zhatyr-1002588](https://yvision.kz/kk/post/elimizde-a-gepatiti-rship-zhatyr-1002588)