---
title: "Елімізде 350-ден аса отбасы су тасқынынан қираған..."
description: "Үкімет ауқымды су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға келтірілген шығынды өтеу жұмыстарын жалғастырып жатыр. Фото: aqtobegazeti.kz Бүгінгі таңда 29 625 отбасы 10,7 млрд теңгеден астам сомаға 100 АЕК мөлшерінде біржолғы төлем алды, барлығы 30..."
author: "seri.jigit"
published: "2024-05-24T07:04:31+00:00"
modified: "2024-05-24T07:04:31+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/elimizde-350-den-asa-otbasy-su-tas-ynynan-ira-an-baspanasyny-ornyna-zher-y-men-p-ter-aldy-1004941"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/elimizde-350-den-asa-otbasy-su-tas-ynynan-ira-an-baspanasyny-ornyna-zher-y-men-p-ter-aldy-1004941/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Елімізде 350-ден аса отбасы су тасқынынан қираған...

> Үкімет ауқымды су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға келтірілген шығынды өтеу жұмыстарын жалғастырып жатыр. Фото: aqtobegazeti.kz Бүгінгі таңда 29 625 отбасы 10,7 млрд теңгеден астам сомаға 100 АЕК мөлшерінде біржолғы төлем алды, барлығы 30...

*Үкімет ауқымды су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға келтірілген шығынды өтеу жұмыстарын жалғастырып жатыр.*

![undefined](https://storage.yvision.kz/images/user/577778/6e9f371e9e893930f1f4a30da8ed1a.jpg)

*Фото: aqtobegazeti.kz*

Бүгінгі таңда **29 625 **отбасы **10,7 млрд теңгеден** астам сомаға **100 АЕК **мөлшерінде біржолғы төлем алды, барлығы **30 912 өтінім** қабылданды. Аталған жұмыстар Қостанай, Ақтөбе, Ақмола, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар, Абай және Ұлытау облыстарында толығымен аяқталды. Жұмыс Атырау және Солтүстік Қазақстан облыстарында жалғасуда. Зардап шеккен өңірлерде **8 863 нысан** бойынша залалды бағалау жұмыстары аяқталды. **356** отбасы жаңа үйлер мен пәтерлерге ие болды. **1** **472** үй салынып жатыр. **1 389** үйде жөндеу жұмыстарын жүргізуге **5,2 млрд теңгеден** астам қаражат бөлінді. **3 804** отбасы материалдық шығын үшін жалпы сомасы **657 млн теңгеге** өтемақы алды.

Айта кету керек, мал шығыны үшін берілген төлем көлемі **1,6 млрд теңгеге** жетті.

![undefined](https://storage.yvision.kz/images/user/577778/cb40f3b72e2e6b1052c42a86c490ce.png)

[https://t.me/KZgovernment](https://t.me/KZgovernment)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/elimizde-350-den-asa-otbasy-su-tas-ynynan-ira-an-baspanasyny-ornyna-zher-y-men-p-ter-aldy-1004941](https://yvision.kz/kk/post/elimizde-350-den-asa-otbasy-su-tas-ynynan-ira-an-baspanasyny-ornyna-zher-y-men-p-ter-aldy-1004941)