---
title: "Елімізде 1 мамырдан бастап қандай жаңа жол белгілері..."
description: "Әңгіме биыл 1 мамырда қолданысқа енгізілетін ҚР СТ 1412-2017 «Жол қозғалысын реттеудің техникалық құралдары» ұлттық стандартына өзгерістер мен толықтырулар туралы болып отыр. ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті мен ҚР СИМ ТРМК Қазақстан стандарттау..."
author: "orazali"
published: "2024-04-26T05:46:53+00:00"
modified: "2024-04-26T05:46:53+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/elimizde-1-mamyrdan-bastap-anday-zha-a-zhol-belgileri-bolady-1004014"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/elimizde-1-mamyrdan-bastap-anday-zha-a-zhol-belgileri-bolady-1004014/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Елімізде 1 мамырдан бастап қандай жаңа жол белгілері...

> Әңгіме биыл 1 мамырда қолданысқа енгізілетін ҚР СТ 1412-2017 «Жол қозғалысын реттеудің техникалық құралдары» ұлттық стандартына өзгерістер мен толықтырулар туралы болып отыр. ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті мен ҚР СИМ ТРМК Қазақстан стандарттау...

*Әңгіме биыл 1 мамырда қолданысқа енгізілетін ҚР СТ 1412-2017 «Жол қозғалысын реттеудің техникалық құралдары» ұлттық стандартына өзгерістер мен толықтырулар туралы болып отыр.*

![undefined](https://storage.yvision.kz/images/user/577776/1604db3e95f4aff6ebc095c54374cf.jpg)

ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті мен ҚР СИМ ТРМК Қазақстан стандарттау және метрология институты әзірлеген осы өзгерістер жолдардағы қауіпсіздікті арттыруға және жол қозғалысының барлық қатысушыларына қолайлылықты қамтамасыз етуге бағытталған.

**Негізгі жаңа белгілер:**

1. Міндетті айырым белгісі: гибридті қоспағанда, барлық электромобильдер қолдануға тиіс «Электромобиль» белгісі.

![undefined](https://storage.yvision.kz/images/user/577776/0c7b4915ff4f77401347ef993d9dc2.png)

2. Жаңа жол белгілерін енгізу:

- Жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және мүмкін болатын авариялық жағдайлардың алдын алу үшін тротуарларға орнату жоспарланған «Электр самокаттарда жүруге тыйым салынады»;

![undefined](https://storage.yvision.kz/images/user/577776/c7d4242ec4bbddeddd6582fbb98a75.png)

-«Диагональды жаяу жүргіншілер өткелі»;

![undefined](https://storage.yvision.kz/images/user/577776/c28e6df7eec8aa726a6f0b462e0ba8.png)

- «Параллель жүріс бөлігіне қайта ауысу»;

![undefined](https://storage.yvision.kz/images/user/577776/168a55e999783fc6ee386424254fca.jpg)

- «Параллель жүріс бөлігінің соңы».

![undefined](https://storage.yvision.kz/images/user/577776/b7de20891619f98e71609c7d87d9a0.jpg)

Мүгедектігі бар және тірек-қимыл аппараты бұзылған адамдар үшін, сондай-ақ осындай адамдарды тасымалдайтындар үшін жол инфрақұрылымының қолжетімділігі көзделгенін ерекше атап өту керек.

Осы белгілердің кейбірі Алматы және Астана қалаларында тестілік режимде енгізілген және өз тиімділігін көрсеткен.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/elimizde-1-mamyrdan-bastap-anday-zha-a-zhol-belgileri-bolady-1004014](https://yvision.kz/kk/post/elimizde-1-mamyrdan-bastap-anday-zha-a-zhol-belgileri-bolady-1004014)