---
title: "Еліміз экономикасына инвестиция тарту тасқыны толастаған емес"
description: "Ел экономикасына қаржы тартуда маңы­зы зор осы жиында сөйлеген сө­зінде Президент бұл шараға қаты­су..."
author: "msh"
published: "2015-06-04T23:58:28+00:00"
modified: "2015-06-04T23:58:28+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/elimiz-ekonomikasyna-investiciya-tartu-tas-yny-tolasta-an-emes-506800"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/elimiz-ekonomikasyna-investiciya-tartu-tas-yny-tolasta-an-emes-506800/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Еліміз экономикасына инвестиция тарту тасқыны толастаған емес

> Ел экономикасына қаржы тартуда маңы­зы зор осы жиында сөйлеген сө­зінде Президент бұл шараға қаты­су...

Ел экономикасына қаржы тартуда маңы­зы зор осы жиында сөйлеген сө­зінде Президент бұл шараға қаты­су­шы инвесторлардың басым бөлігі Қа­зақ­станды ертеден жақсы білетіндігін айтып өтті. Себебі, олардың көбі біздің елде бұрыннан жұмыс істеп келе жатқандар әрі мұндай басқосу бірін­ші рет өтіп отырған жоқ. Ендеше, Қазақ­стан­дағы ахуал оларға жақсы таныс. «Қазіргі уақытта біздер байқап отырған күрделі сыртқы экономикалық жағдайларға, геосаяси сын-қатерлерге қарамастан, Қазақстан экономикалық өсім мен инвесторлар үшін тартымды екендігін дәлелдеп келеді. Ағымдағы жылы жалпы отырыстың тақырыбы Қазақстандағы агробизнесті дамыту мәселесі болып отыр. Мұндай тақырыптың таңдалуы да тосыннан емес. Қазақстан жер аумағы бойынша әлемдегі тоғызыншы мемлекет, бірегей ауыл шаруашылығы ресурс­тарына ие», деді Мемлекет басшысы. Сонымен қатар, Елбасы Қазақстан географиялық тұрғыда дәстүрлі өңірлік нарықтарға қызмет көрсету үшін оңтайлы орналасқанын, сонымен бірге, Қытай, Үндістан және Таяу Шығыстың нарықтарына шығу мүмкіндігі бар екендігін баса айтты...

Ақпарат көзі: [http://egemen.kz/2015/06/05/65337](http://egemen.kz/2015/06/05/65337)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/elimiz-ekonomikasyna-investiciya-tartu-tas-yny-tolasta-an-emes-506800](https://yvision.kz/kk/post/elimiz-ekonomikasyna-investiciya-tartu-tas-yny-tolasta-an-emes-506800)