---
title: "Елім деп келген ананың жайы алаңдатады..."
description: "Атамекеніне оралып, Қытайдан Қазақстанға көшіп келмек болғанда шекаралық тексеру кезінде 50 мың долл..."
author: "tracyb"
published: "2017-06-02T04:38:55+00:00"
modified: "2017-06-02T04:38:55+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/elim-dep-kelgen-anany-zhayy-ala-datady-768785"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/elim-dep-kelgen-anany-zhayy-ala-datady-768785/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Елім деп келген ананың жайы алаңдатады...

> Атамекеніне оралып, Қытайдан Қазақстанға көшіп келмек болғанда шекаралық тексеру кезінде 50 мың долл...

Атамекеніне оралып, **Қытайдан** **Қазақстанға** көшіп келмек болғанда шекаралық тексеру кезінде **50 мың** долларға жуық бар жиған-терген ақшасынан айырылып қалған қандасымыз **Гүлжан Мәуітханқызына** қатысты **апелляциялық сот** отырысы бүгін аяқталды, деп хабарлайды **baq.kz** тілшісі сот залынан.

**https://baq.kz/kk/news/kogam/shekarada_50_min_dollarinan_aiirilgan_zhesir_ananin_isi_prokuraturaga_kaitarildi20170602_161500?utm_campaign=2768747&utm_source=SendPulse&utm_medium=push**

Екі күнге созылған апелляциялық сот отырысы барысында шекарада бар жиған-терген ақшасынан айырылып қалған қытайлық қандасымыз **Гүлжан Мәуітқанқызының** ісі бүге-шігесіне дейін қаралып, тергеу барысында бірқатар өрескел заң бұзушылықтардың орын алғаны анықталды.

Кешелі-бері осы іске қатысы бар жәбірленушілерден, куәгерлерден, адвокат пен айыптаушы тараптың жауабын тыңдаған **Шығыс Қазақстан** облыстық қылмыстық істерді қарайтын сот алқасы **Гүлжан Мәуітқанқызының** ісіне қатысты төмендегідей шешім шығарды.

*«Бүгінгі сот **2017** жылғы **10** сәуір күнгі **Зайсан** қалалық сотының шығарған үкімінің күшін жойып, бұл істі соттан **прокуратураға** тергеуге жолдау туралы шешім шығарды», - дейді сот залынан шыққан* *аталмыш **портал** тілш**ісі.*

Естеріңізде болса, бұған дейін **Шығыс Қазақстан** облысы **Зайсан** аудандық соты жалғызбасты әйелді **ҚР Қылмыстық кодексінің 234-бабы** (экономикалық контрабанда) бойынша айыпты деп танып, үстінен **68 мың** теңге айыппұл салды.

Ал, **9900 долларын** ғана қайтарып беріп, қалған **40 мың доллар** қаржысын мемлекетке кіріс ретінде бекіткен болатын.

Бүгінгі сот отырысынан айта кететін тағы бір жағымды жаңалық, **Әділбек Мұқташұлы** мен **Гүлжан Мәуітқанқызының** үстінен қозғалған тергеу кезінде және сот кезінде әртүрлі жауап бергені үшін екеуі жауапқа тартылады деген қаулының да күші жойылған.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/elim-dep-kelgen-anany-zhayy-ala-datady-768785](https://yvision.kz/kk/post/elim-dep-kelgen-anany-zhayy-ala-datady-768785)