---
title: "Еленбейтін мереке"
description: "🇰🇿4 маусым-ҚР Мемлекеттік Рәміздер күні! 🔻1992 жылы Қазақстанның шенділері Рәміздерге байқау жарияла..."
author: "amangalief"
published: "2020-06-05T06:11:14+00:00"
modified: "2020-06-05T06:11:14+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/elenbeytin-mereke-858493"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/elenbeytin-mereke-858493/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Еленбейтін мереке

> 🇰🇿4 маусым-ҚР Мемлекеттік Рәміздер күні! 🔻1992 жылы Қазақстанның шенділері Рәміздерге байқау жарияла...

🇰🇿4 маусым-ҚР Мемлекеттік Рәміздер күні! 🔻1992 жылы Қазақстанның шенділері Рәміздерге байқау жариялап, 1200 түрлі Ту-дың нұсқасы, 245 Елтаңба, 750 түрлі Әнұран үлгілері сынға түсіп, қазіргі таңда сол байқаудың нәтижесінде Тәуелсіз мемлекетке тиесілі Ту, Елтаңба, Әнұранымыз бар. 2007 жылы ҚР Мемлекеттік Рәміздер туралы Конституциялық заң қабылданып мереке ретінде тойлана бастады. Алайда, Рәміздер күнін мереке ретінде тойлау, тек соңғы 5-6 жылда жаңғырып жатқандай. Болмаса маған солай көрінедіме? Білмедім. ⠀ 🔻Қазақстанды мемлекет ретінде танытып тұрған осы рәміздеріміз. Рәміздер арқылы патриоттығымызды білдіріп жатамыз. Жоғары көтеріліп жатырған Ту-ды көрсек, қол шапалақтаймыз. Ту-ды тізерлеп отырып сүйеміз. Әнұран шырқалса, орнымыздан тұрып, қолды жүрек тұсына қойып, қосыла шырқаймыз. Ал, Елтаңбаға келген кезде патриоттығымызды ұмытып кетеміз. Қалай дейсіз бе? Қарапайым төл теңгемізде Елтаңбамыз бейнеленген. Сол теңгемізді анда мында қоқыс тастағандай лақтырып кете беретініміз де бар. Жерде жатырса көріп тұрып, көтеріп алып, құрметтеуге де жарамай жатамыз. Сондағы 1 теңгені қайтем деген ой ғой сол. ⠀ 🔻Ананы бүйтейік, мынау болмайд деп, интернетте абырой жинап қарқ қылып жатырғанымыз шамалы. Онсыз да түсіп бара жатырған теңгемізді, тым құрығанда жерде жатырса көтеріп жүрейік. Оның үстіне ақша тиыннан құралады.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/elenbeytin-mereke-858493](https://yvision.kz/kk/post/elenbeytin-mereke-858493)