---
title: "Елена Рыбакина мен Юлия Путинцева Майамиде ширек..."
description: "Қазақстандық екі теннисші Майамиде өтіп жатқан WTA 1000 турнирінің ширек финалына шықты. Олар - Елена Рыбакина мен Юлия Путинцева. Сурет: t.me/prokadrykz Еліміздің үздік теннисшісі, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина америкалық..."
author: "orazali"
published: "2024-03-26T04:33:14+00:00"
modified: "2024-03-26T04:33:14+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/elena-rybakina-men-yuliya-putinceva-mayamide-shirek-final-a-shy-ty-1002626"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/elena-rybakina-men-yuliya-putinceva-mayamide-shirek-final-a-shy-ty-1002626/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Елена Рыбакина мен Юлия Путинцева Майамиде ширек...

> Қазақстандық екі теннисші Майамиде өтіп жатқан WTA 1000 турнирінің ширек финалына шықты. Олар - Елена Рыбакина мен Юлия Путинцева. Сурет: t.me/prokadrykz Еліміздің үздік теннисшісі, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина америкалық...

*Қазақстандық екі теннисші Майамиде өтіп жатқан WTA 1000 турнирінің ширек финалына шықты. Олар - Елена Рыбакина мен Юлия Путинцева.*

![undefined](https://storage.yvision.kz/images/user/577776/feb1b09ec477f74d672a0479acd200.jpg)

Сурет: [t.me/prokadrykz](https://t.me/prokadrykz)

Еліміздің үздік теннисшісі, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина америкалық Мэдисон Кисті 6:3, 7:5 есебімен жеңді. Матч 1 сағат 23 минутқа созылған.

Қазақстанның екінші ракеткасы Юлия Путинцева украиналық Ангелина Калининаны 6:4, 7:6 есебімен жеңді. Матч 2 сағат 21 минутқа созылған. Бұл – оның спорт жолында WTA 1000 сериясы бойынша турнирлердегі үшінші ширек финалы.

Ширек финалда Рыбакина әлемнің сегізінші ракеткасы, грекиялық Мария Саккаримен, ал Путинцева белорус Виктория Азаренкомен ойнайды.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/elena-rybakina-men-yuliya-putinceva-mayamide-shirek-final-a-shy-ty-1002626](https://yvision.kz/kk/post/elena-rybakina-men-yuliya-putinceva-mayamide-shirek-final-a-shy-ty-1002626)