---
title: "«Электрондық құжатайналымы» жүйесінің арқасында 50 мыңнан астам тонна қағаз үнемделді"
description: "Қазақстанның мемлекеттік органдарының бірыңғай электрондық құжатайналымы жүйесі қызмет еткен 9 жылы ..."
author: "AdilNazar"
published: "2014-10-07T00:13:54+00:00"
modified: "2014-10-07T00:13:54+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/elektrondy-zhataynalymy-zh-yesini-ar-asynda-50-my-nan-astam-tonna-a-az-nemdeldi-432833"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/elektrondy-zhataynalymy-zh-yesini-ar-asynda-50-my-nan-astam-tonna-a-az-nemdeldi-432833/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Электрондық құжатайналымы» жүйесінің арқасында 50 мыңнан астам тонна қағаз үнемделді

> Қазақстанның мемлекеттік органдарының бірыңғай электрондық құжатайналымы жүйесі қызмет еткен 9 жылы ...

*Қазақстанның мемлекеттік органдарының бірыңғай электрондық құжатайналымы жүйесі қызмет еткен 9 жылы ішінде 53,68 тонна қағазды үнемдеуге мүмкіндік берді.*

Бірыңғай электрондық құжатайналымы жүйесі (БЭҚАЖ) 2006 жылы жеделділікті жоғарылату мен басқару шешімдерінің сапасын арттыру және мемлекеттік органдарды іс қағаздардың қағазсыз технологиясы мен электрондық құжатайналымын қолдануға ауыстыру мақсатында ензілді. Қазіргі таңда БЭҚАЖ 93 орталық және 1711 аймақтық мемлекеттік органдарында қолданылады.

![](https://storage.yvision.kz/images/user/adilnazar/6nb13eH9rbAt0fUW6fRLNeGKYeUX7D.jpg)

«Бұрыңғы кезде министрліктен басқа облыстың аудандық әкімшілігіне немесе аймақтық органына дәстүрлі поштамен хатты жеткізу үшін 5-7 күн керек болатын. Электрондық құжатайналымы жүйесінде бұған не бары 15 минут қажет», - деп ҚР ИДМ Байланыс, ақпараттану мен ақпарат комитеті ақпараттық технологияларды дамыту департаментінің директоры Құралай Елеусізова хабарлады.

БЭҚАЖ құжаттар қорын құрылымдау; жауап беру, сұранымды құру уақытын қысқартуға мүмкіндік берді; жетекшілердің тиімділігін айқындауды қамтамасыз етті; құжатты келісімдеу үшін кабинеттер бойынша жүру қажеттілігін жойып мемлекеттік қызметкерлердің өнімділігін арттырды.

Жобаның алдағы жоспарларында БЭҚАЖ таралымдау, бұлттық технологияға көшу мен электрондық құжатайналым сервисін көрсету, сонымен қатар мемлекеттік органдардың мемлекеттік емес ұйымдар арасындағы ведомствоаралық электрондық құжатайналымы механизмін құру көзделген.

 
 

*ҚР ИДМ Байланыс, ақпараттандыру мен ақпарат комитетінің баспасөз-қызметі*

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/elektrondy-zhataynalymy-zh-yesini-ar-asynda-50-my-nan-astam-tonna-a-az-nemdeldi-432833](https://yvision.kz/kk/post/elektrondy-zhataynalymy-zh-yesini-ar-asynda-50-my-nan-astam-tonna-a-az-nemdeldi-432833)