---
title: "Электрондық сандық қолтаңба – болашағыңыздың кілті!"
description: "ЭСҚ дегеніміз не? Ақпараттық технологиялардың арқасында біздің өмірімізге жаңа терминдер мен түсінік..."
author: "ceka"
published: "2014-08-25T02:14:21+00:00"
modified: "2014-08-25T02:14:21+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/elektrondy-sandy-olta-ba-bolasha-y-yzdy-kilti-426727"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/elektrondy-sandy-olta-ba-bolasha-y-yzdy-kilti-426727/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Электрондық сандық қолтаңба – болашағыңыздың кілті!

> ЭСҚ дегеніміз не? Ақпараттық технологиялардың арқасында біздің өмірімізге жаңа терминдер мен түсінік...

ЭСҚ дегеніміз не?
Ақпараттық технологиялардың арқасында біздің өмірімізге жаңа терминдер мен түсініктер енді. Е-үкімет саласында басты терминдердің бірі – электрондық сандық қолтаңба (ЭСҚ) болды. Оның құжаттардың заңдық күші бар екенін сәйкестейтін және растайтын құрал ретінде пайдалану біздің өмірімізде қалыпты жағдай болып кетті.
Электрондық сандық қолтаңба – бұл электрондық құжаттың жасанды түрінен қорғау үшін арналған реквизит. ЭСҚ қолтаңба иесін теңестіруге, сондай-ақ электрондық құжаттағы ақпаратта бұрмалау жоқтығын анықтауға мүмкіндік береді.   

Электрондық сандық қолтаңба – бұл мағыналы құжаттамалармен алмасу үшін өте ыңғайлы қазіргі заман құралы, электрондық қолтаңба механизмін енгізу арқасында Қазақстан өңірінің шекарасы экономикалық қызметтер үшін шектеулі болмайды.
ЭСҚ қалай қолданады?
Қолтаңбаны қолдану өте оңай. Ол үшін ешқандай арнайы білімнің, дағдының және іскерліктің керегі жоқ. Электрондық құжаттамамен алмасуға қатысатын әрбір ЭСҚ пайдаланушыға ашық және жабық (құпия) криптографиялық кілттер беріледі. 

Басты элемент құпия (жабық) кілт болып келеді, оның көмегімен электрондық құжаттарды шифрлеу жүргізіледі және электрондық сандық қолтаңба қалыптасады. Сондай-ақ құпия кілт пайдаланушыда қалады және оған жеке тасымалдаушыда беріледі. Ол дискета, смарт-карта немесе флеш-карта болуы мүмкін. Оны басқа да жүйені пайдаланушылардан құпия сақтау керек. 

ЭСҚ шынайылығын тексеру үшін ашық кілтті қолданады. Қазақстан Республикасы Куәландыру орталығында ашық кілттің дубликаты бар, ашық кілттердің тіркеу куәліктерінің кітапханасы құрылған.  Куәландыру орталығы ашық кілттерге тіркеу және бұрмалау мен жасанды түрлерін жасаудан  сенімді сақтауды қамтамасыз етеді. 

Ашық кілт тек жабық кілтпен бірге ғана жұмыс істейді.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/elektrondy-sandy-olta-ba-bolasha-y-yzdy-kilti-426727](https://yvision.kz/kk/post/elektrondy-sandy-olta-ba-bolasha-y-yzdy-kilti-426727)