---
title: "Электронды үкімет порталы арқылы электронды құжаттар алу қол жетімді болды."
description: "2010 жылы Қазақстанда Халыққа қызмет көрсету орталықтарын жаңғыртуды іске қосқан болатын. Бизнес ү..."
author: "ceka"
published: "2014-10-20T10:06:11+00:00"
modified: "2014-10-20T10:06:11+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/elektrondy-kimet-portaly-ar-yly-elektrondy-zhattar-alu-ol-zhetimdi-boldy-434910"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/elektrondy-kimet-portaly-ar-yly-elektrondy-zhattar-alu-ol-zhetimdi-boldy-434910/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Электронды үкімет порталы арқылы электронды құжаттар алу қол жетімді болды.

> 2010 жылы Қазақстанда Халыққа қызмет көрсету орталықтарын жаңғыртуды іске қосқан болатын. Бизнес ү...

2010 жылы Қазақстанда Халыққа қызмет көрсету орталықтарын жаңғыртуды іске қосқан болатын. Бизнес үдерістерді жеңілдетіп, мемлекеттік қызметті алуға қажетті құжаттардың санын қысқарта бастады, тұтынушылардың өздеріне қажетті әр-бір құжаты үшін ұзын сонар кезектерін азайту үшін жаңа технологиялар іске қосылды. Қазіргі уақытта ХҚКО-лардың қызметі туралы жақсы пікірлерді жиі еститін болдық.

2010-2011 жылдары ХҚКО-ларда алғаш рет электрондық үкімет бұрыштары пайда бола бастады, тұтынушыларға онлайн-терезе - egov.kz порталы арқылы мемлекеттік қызметтер алу мүмкіндіктері пайда болды сонымен қатар, ХҚКО қызметкерлері түсіндірме жұмыстарын жүргізе бастады және электрондық цифрлық қолтаңбалар (ЭЦҚ) берілді.

Міне, қазіргі уақытта ХҚКО-ларда **«Connection Point»** яғни аудармасы **«Өзіне-өзі қызмет көрсету орны»** іске қосылды. Халыққа қызмет көрсету орталықтарының сол кездегі жаңғыртылуы орталықтардың дамуындағы жаңа кезеңі болды.

Электрондық цифрлық қолтаңбасы бар кез-келген адам оператордың яғни, ХҚКО қызметкерінің босауын күтпей-ақ, арнайы жабдықталған **«Өзіне-өзі қызмет көрсету»** орынында қызметті өздігінен ала алады. Ал, қажет болған жағдайда арнайы оқытылған кеңесші көмек береді. Қазір әр-бір тұтынушыларға мемлекеттік қызметтерді жедел және кезексіз алуына қолайлы мүмкіндік жасалып отыр. ХҚКО тұтынушыларына электрондық анықтамаларды электрондық үкімет бұрыштарынан алуларына және қызметті өзіне-өзі қызмет көрсету секторларында өздігінен алуына болады. Өз электронды цифрлық қолтаңбалары бар тұтынушылар ХҚКО-ға бармастан, өз уақытын үнемдеп, қызметті өз үйлерінде компьютерінен алуына мүмкіндік бар. Өздігінен алу мүмкіндігі бар қызметтердің саны қазіргі уақытта күн санап артып келеді. Олардың ішінде ең танымалдары: жылжымайтын мүліктің бар екендігі туралы анықтама, мекен-жай анықтамасы, зейнетақы шотынан көшірме үзінді, ЖШС ашу, некені тіркеуге өтініш беру мүмкіндігі, лицензиялар алу (телнұсқа және қайта рәсімдеу), баланы бала бақшаға кезеке қою, әскери қызметті өткергендігі туралы анықтама алу және ЭҮП арқылы ақылы, ақысыз т.б. қызметтер алуға мүмкіндіктер туды.

Жоғарыда айтылған қызметтер туралы толыққанды ақпарат білгілеріңіз келсе, біріңғай телефон жүйесі «1414» немесе аудандық ХҚКО бөліміне келіп кеңес алуларыңызға болады.

**ХҚКО Байзақ аудандық**

**бөлімінің инспекторы Ж.Е.Раимкулов**

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/elektrondy-kimet-portaly-ar-yly-elektrondy-zhattar-alu-ol-zhetimdi-boldy-434910](https://yvision.kz/kk/post/elektrondy-kimet-portaly-ar-yly-elektrondy-zhattar-alu-ol-zhetimdi-boldy-434910)