---
title: "«Электронды цифрлық қолтаңба алу тәртібі және қның мүмкіншіліктері»"
description: "Электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі - ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасаған ж..."
author: "Taraz_3"
published: "2016-02-27T01:24:51+00:00"
modified: "2016-02-27T01:24:51+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/elektrondy-cifrly-olta-ba-alu-t-rtibi-zh-ne-ny-m-mkinshilikteri-680646"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/elektrondy-cifrly-olta-ba-alu-t-rtibi-zh-ne-ny-m-mkinshilikteri-680646/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Электронды цифрлық қолтаңба алу тәртібі және қның мүмкіншіліктері»

> Электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі - ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасаған ж...

Электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі - ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасаған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар терімі;

Электрондық құжат - ақпарат электрондық - цифрлық нысанда табыс етілген және ЭЦҚ арқылы куәландырылған құжат;

ЭЦҚ (құпия) жабық кілті – тіркеу куәлігінің иесіне белгілі және электрондық цифрлық қолтаңба құралдарын пайдалана отырып, ЭЦҚ жасауға арналған электрондық цифрлық нышандар дәйектілігі;

ЭЦҚ ашық кілті – кез келген тұлғаның қолы жететін және электрондық құжаттағы ЭЦҚ түпнұсқалығын растауға арналған электрондық цифрлық нышандар дәйектілігі;

Қол қоюшы тұлға – ЭЦҚ жабық кілтін заңды түрде иеленетін және оны электрондық құжатта пайдалану құқығы бар жеке немесе заңды тұлға;

Жүйені пайдаланушы - электрондық құжаттарға қол қоюға мүмкіндігі бар тиісті ЭЦҚ жабық кілтіне ие болушы және ҰКО атына тіркелген ЭЦҚ пайдалануға құқығы бар тұлға;

Түпнұсқаландыру – ақпараттық өзара іс-қимыл аспектілерінің бір немесе бірнеше түпнұсқалығын орнату: байланыс сеансы, оның уақыты, байланысушы тараптар, жіберілетін хабарламалар, деректер көзі, деректерді құру уақыты, деректердің мазмұны;

Сәйкестендіру - субъектілер мен объектілерге кіруге сәйкестендіруді беру немесе берілген сәйкестендірудің тізбесімен ұсынылған сәйкестендірулерді салыстыру;

Кілттік контейнер – бұл ашық және жабық кілттері бар (диск, флеш - карта, e - token және т. б.) кілттік тасымалдағыш файлы;

Сертификаттарды сақтау орны – криптографиялық жүйені пайдаланушыны сипаттайтын мәліметтердің тізбесі (сертификаттардың тізбесі) және қайтарып алынған сертификаттардың тізімдері;

Электрондық құжаттағы ЭЦҚ түпнұсқалығын растау – ЭЦҚ иеленетін тиесілілігі бар электрондық құжаттағы ЭЦҚ құралдарды растайтын оң нәтиже және электрондық құжаттың ЭЦҚ қол қойылған деректерде қолдан жасау мен бұрмалаудың жоқтығы;

ЭЦҚ құралдары – ЭЦҚ жасау мен түпнұсқалығын тексеру үшін пайдаланылатын аппараттық және/немесе бағдарламалық құралдар;

Тіркеу куәлігі («Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 7 қаңтардағы № 370-II Заңы) – куәландырушы орталық электрондық цифрлық қолтаңбаның осы Заңда белгіленген талаптарға сәйкестігін растау үшін беретін қағаз тасығыштағы құжат немесе электрондық құжат. Контексте «ашық кілттің сертификаты» деп айтылуындағы синоним пайдаланылады;

Ұлттық куәландырушы орталық (бұдан әрі ҰКО) – ЭЦҚ жабық кілтіне ЭЦҚ ашық кілтінің сәйкестігін куәландыруды, сондай-ақ «ҚР мемлекеттік органы - ҚР мемлекеттік органы» (G2G), «ҚР мемлекеттік органы – шаруашылық субъекті» (G2В), «ҚР мемлекеттік органы – ҚР азаматы» (G2С), қарым - қатынастарында тіркеу куәлігінің дұрыстығын растауды жүзеге асыратын «Ұлттық ақпараттық технологиялар» Акционерлік қоғамының (бұдан әрі ҰАТ АҚ) құрылымдық бөлімшесі;

ҚР ҰКО тіркеу орталықтары (бұдан әрі – ҰКО ТО) – түпнұсқаландыру, сәйкестендіру операциялары бойынша тіркеу куәліктерін жасау, беру мен қайтарып алған кезде тіркеу куәліктері иелерінің өкілеттігін тексеру Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының 2005 жылғы 8 желтоқсандағы № 457-б бұйрығымен бекітілген Тіркеу, беру, сақтау, тіркеу куәліктерін кері қайтарып алғанда (жою) оның ішінде олардың көшірмелерін қағаз тасығыштағы және тіркеу куәліктерін тіркелімде жүргізу ережесіне сәйкес жүзеге асыратын ҰАТ АҚ құрылымдық бөлімшесі.

Тараз қалалық №3 бөлім

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/elektrondy-cifrly-olta-ba-alu-t-rtibi-zh-ne-ny-m-mkinshilikteri-680646](https://yvision.kz/kk/post/elektrondy-cifrly-olta-ba-alu-t-rtibi-zh-ne-ny-m-mkinshilikteri-680646)