---
title: "Елде жел күшейеді"
description: "Мамандар еліміздің барлық өңірінде жел күшейеді деген болжам жасап отыр. Фото: kk.wikipedia.org «Қазгидромет» РМК баспасөз хатшысы Алина Смағұлованың айтуынша, оңтүстік пен оңтүстік-шығыста шаңды дауыл , оңтүстікте дауыл, солтүстік пен шығыста түнгі..."
author: "seri.jigit"
published: "2024-04-20T06:51:09+00:00"
modified: "2024-04-20T06:51:09+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/elde-zhel-k-sheyedi-1003740"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/elde-zhel-k-sheyedi-1003740/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Елде жел күшейеді

> Мамандар еліміздің барлық өңірінде жел күшейеді деген болжам жасап отыр. Фото: kk.wikipedia.org «Қазгидромет» РМК баспасөз хатшысы Алина Смағұлованың айтуынша, оңтүстік пен оңтүстік-шығыста шаңды дауыл , оңтүстікте дауыл, солтүстік пен шығыста түнгі...

*Мамандар еліміздің барлық өңірінде жел күшейеді деген болжам жасап отыр. * ![undefined](https://storage.yvision.kz/images/user/577778/cd1515da61320f300a9c63401ab286.jpg) Фото: kk.wikipedia.org

«Қазгидромет» РМК баспасөз хатшысы Алина Смағұлованың айтуынша, оңтүстік пен оңтүстік-шығыста шаңды дауыл**, **оңтүстікте дауыл, солтүстік пен шығыста түнгі және таңертеңгі уақыттарда тұман болуы мүмкін.

«Республикамыздың басым бөлігі ауқымды антициклон әсерінде болғандықтан жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Тек түнде Қазақстанның шығысында аздаған жауын-шашын күтіледі, күндіз елдің батысында аздаған жаңбыр жауады. Республиканың оңтүстігінің, оңтүстік-шығысының таулы аудандарында атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен жауын-шашын сақталады. Батыста, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста найзағай болады», - деді Алина Смағұлова.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/elde-zhel-k-sheyedi-1003740](https://yvision.kz/kk/post/elde-zhel-k-sheyedi-1003740)