---
title: "Елде жаз шыға сала өрт көбейіп жатыр"
description: "Алматы облысында автокөлік өртенді Қарасай ауданында облыстық маңызы бар \"Үлкен Алматы айналма автокөлік жолы\" автожолының 35 шақырымында жеңіл көлік жанып кетті. Өрт сөндірушілер шақырту түскен сәттен бастап 34 минут ішінде өртті жойды. Зардап..."
author: "orazali"
published: "2024-06-09T06:06:30+00:00"
modified: "2024-06-09T06:10:43+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/elde-zhaz-shy-a-sala-rt-k-beyip-zhatyr-1005450"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/elde-zhaz-shy-a-sala-rt-k-beyip-zhatyr-1005450/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Елде жаз шыға сала өрт көбейіп жатыр

> Алматы облысында автокөлік өртенді Қарасай ауданында облыстық маңызы бар "Үлкен Алматы айналма автокөлік жолы" автожолының 35 шақырымында жеңіл көлік жанып кетті. Өрт сөндірушілер шақырту түскен сәттен бастап 34 минут ішінде өртті жойды. Зардап...

![undefined](https://storage.yvision.kz/images/user/577776/ad38b877428f9f8c3ea3323c6ab055.jpg)

**Алматы облысында автокөлік өртенді**

Қарасай ауданында облыстық маңызы бар "Үлкен Алматы айналма автокөлік жолы" автожолының 35 шақырымында жеңіл көлік жанып кетті.

Өрт сөндірушілер шақырту түскен сәттен бастап 34 минут ішінде өртті жойды. Зардап шеккендер жоқ.

**ШҚО өрт сөндірушілері моншадағы өртті сөндірді**

Серебрянск қаласының жеке тұрғын үйлері бірінің аумағында моншадан өрт шықты.

ТЖМ күштерімен өрт жойылды. Зардап шеккендер жоқ. Себебі анықталуда.

**Жетісу облысында шаруашылық жайы өртенді**

Талдықорғанда жеке тұрғын үйдің аумағындағы шаруашылық жайы өртенді.

ТЖМ күштерімен өрт 84 шаршы метр алаңда шақырту түскен сәттен бастап 21 минут ішінде жойылды. Зардап шеккендер жоқ. Себебі анықталуда.

**Өрт сөндірушілер Алматы облысындағы тұрғын үйдің өртін сөндірді**

Талғар ауданының Тұздыбастау ауылында жеке тұрғын үй өртенді.

Құтқарушылар 130 шаршы метр алаңдағы өртті жойды. Зардап шеккендер жоқ. Себебі анықталуда.

**Алматылық өрт сөндірушілер монша кешенін өрттен қорғап қалды**

Бостандық ауданының монша кешендерінің бірінің аумағында жеке тұрған монша өртенді.

Құтқарушылар шақырту түскен сәттен бастап 35 минутта 30 шаршы метр алаңда өртті жойды. Зардап шеккендер жоқ.

t.me/qr_tjm

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/elde-zhaz-shy-a-sala-rt-k-beyip-zhatyr-1005450](https://yvision.kz/kk/post/elde-zhaz-shy-a-sala-rt-k-beyip-zhatyr-1005450)