---
title: "Елде су тасқыны жағдайы әлі де қиын: бірнеше аймақта..."
description: "Петропавл қаласында тасқынның шарықтау шегі бүгін түнде болуы мүмкін. Бұл туралы облыстық жедел штаб басшысы хабарлады. Оның айтуынша, түнгі 00:00-ден кейін Бескөл ауылы маңындағы су төмендей бастауы мүмкін. Бірақ, ол су қаладан өткенімен, облыс..."
author: "seri.jigit"
published: "2024-04-14T10:25:37+00:00"
modified: "2024-04-14T10:25:37+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/elde-su-tas-yny-zha-dayy-li-de-iyn-birneshe-ayma-ta-auip-seyilgen-zho-1003376"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/elde-su-tas-yny-zha-dayy-li-de-iyn-birneshe-ayma-ta-auip-seyilgen-zho-1003376/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Елде су тасқыны жағдайы әлі де қиын: бірнеше аймақта...

> Петропавл қаласында тасқынның шарықтау шегі бүгін түнде болуы мүмкін. Бұл туралы облыстық жедел штаб басшысы хабарлады. Оның айтуынша, түнгі 00:00-ден кейін Бескөл ауылы маңындағы су төмендей бастауы мүмкін. Бірақ, ол су қаладан өткенімен, облыс...

![undefined](https://storage.yvision.kz/images/user/577778/19b9f2044d2a1356b17270e717a2ea.jpg)

*Петропавл қаласында тасқынның шарықтау шегі бүгін түнде болуы мүмкін.* Бұл туралы облыстық жедел штаб басшысы хабарлады. Оның айтуынша, түнгі 00:00-ден кейін Бескөл ауылы маңындағы су төмендей бастауы мүмкін. Бірақ, ол су қаладан өткенімен, облыс аумағындағы басқа ауылдарға бара жатыр. Қазір облыс аумағындағы 60-қа жуық жолды су басқан. Соның 4-еуі республикалық жол. Жүк көліктері кезекпен өткізіліп жатыр.

*БҚО-да 84 елді мекен суға кетуі мүмкін.*

Өңірдегі арнайы штабтың мәліметінше, топан су 5 күнде Оралға жетеді. Жоспар бойынша өңірде 70 шақырымдық бөгет тұрғызылуы керек, бүгінге дейін оның 60 шақырымы салынып бітті. Бүгінге дейін 13 мыңнан астам тұрғын қауіпсіз аймаққа көшірілді. Жалпы 1300-ге жуық үйге су кірген. 2500-ге жуық мал қырылып, 38 тасжолды су шайған.

*Атырау облысындағы барлық күш облыс орталығын тасқын судан сақтап қалуға жұмылдырылып жатыр.* Аймаққа арнайы барған Сенат депутаты Сағындық Лұқпанов жаға бекіту барысымен танысты. Қазір Жайық өзенінің жағалауы 107 учаскеге бөлініп, бөгеттер тұрғызылып жатыр. Тасқыннан қорғануға 800-дей техника мен 3,5 мыңдай адам тартылған.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/elde-su-tas-yny-zha-dayy-li-de-iyn-birneshe-ayma-ta-auip-seyilgen-zho-1003376](https://yvision.kz/kk/post/elde-su-tas-yny-zha-dayy-li-de-iyn-birneshe-ayma-ta-auip-seyilgen-zho-1003376)