---
title: "Инвестиция тарту: Премьер-министрдің жаңа стратегиясы"
description: "Қазақстанда инвестициялық үдерісті жетілдіру жоспары: нақты шешімдер, жүйелік өзгерістер және мемлекеттік реформа қадамдары"
author: "akorda"
published: "2025-09-08T06:58:42+00:00"
modified: "2025-09-08T06:58:42+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/elde-investiciyalyk-sayasatty-tubegeyli-zhanartu-kazhettiligi-1017011"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/elde-investiciyalyk-sayasatty-tubegeyli-zhanartu-kazhettiligi-1017011/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Инвестиция тарту: Премьер-министрдің жаңа стратегиясы

> Қазақстанда инвестициялық үдерісті жетілдіру жоспары: нақты шешімдер, жүйелік өзгерістер және мемлекеттік реформа қадамдары

Еліміздегі инвесторлармен қарым-қатынас жүйесі күрделі әрі бытыраңқы. Қағазбастылық көп, түрлі органдардың құзыреттері қайталанады. Ал, қазіргі күрделі ахуал кезінде инвестиция тарту – кезек күттірмейтін мәселе, бізге жаңа ұстаным керек.

Қалай болса да, инвестиция тарту бойынша барлық үйлестіру жұмысы тікелей Премьер-министрге жүктеледі. Жаңа министрлік құрудың қажеті жоқ. Бірақ, көзге оттай басылатын нәрсе: елімізде бірде-бір мекеменің атауында инвестиция деген сөз жоқ. Инвестиция тіпті, жетім бала сияқты үш-төрт мекемеге ортақ мәселе болып, өз жолын таппай жүр. Сондықтан Премьер-Министр он күн ішінде нақты ұсыныс беруге тиіс.

Бұдан бөлек, Үкіметке инвестиция тарту жүйесін түгел жаңғырту жөніндегі нақты іс-шаралар жоспарын мейлінше қысқа мерзім ішінде әзірлеуді тапсырамын.

[t.me/aqorda_resmi](http://t.me/aqorda_resmi)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/elde-investiciyalyk-sayasatty-tubegeyli-zhanartu-kazhettiligi-1017011](https://yvision.kz/kk/post/elde-investiciyalyk-sayasatty-tubegeyli-zhanartu-kazhettiligi-1017011)