---
title: "Елбасының «бірінші тоқсандағы» бағасы? «4» не «5» қояр едім..."
description: "Желіде Елбасының жұмыс күндері, мемлекеттік сапарлар мен түрлі деңгейдегі кездесулерден құралған вид..."
author: "tracyb"
published: "2017-04-10T07:52:39+00:00"
modified: "2017-04-10T07:52:39+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/elbasyny-birinshi-to-sanda-y-ba-asy-4-ne-5-oyar-edim-763087"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/elbasyny-birinshi-to-sanda-y-ba-asy-4-ne-5-oyar-edim-763087/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Елбасының «бірінші тоқсандағы» бағасы? «4» не «5» қояр едім...

> Желіде Елбасының жұмыс күндері, мемлекеттік сапарлар мен түрлі деңгейдегі кездесулерден құралған вид...

Желіде Елбасының жұмыс күндері, мемлекеттік сапарлар мен түрлі деңгейдегі кездесулерден құралған видематериал - ролик жарияланды. Бұл жолы, «Егеменнен» қарадым. Кейін, қарап отырсам – видео Назарбаевтың Facebook желісіндегі парақшасында алғаш пайда болыпты. Оны қойшы, қайда, неге жарияланғанында емес, мәселе, Елбасының халыққа одан сайын жақындай түсуінде.

Сонымен, **90** күнде Елбасы не тындырды?

***** **39** іс-шараға қатысыпты. Оның ішінде, Үндеу, Жолдаулары да бар. Универсиада ойындары, Қарағанды мен Ақмола облыстарының тұрғындарымен кездесуі мен журналистерге берген сұхбаттары да бар.

***** **90** күнде **9** жеделхат (еліміздегі және шетелдегі оқиғаларға қатысты) жолдаған. Оған, шетел президенттерімен **9** рет телефон арқылы хабарласқанын қосыңыз.

*** Ресей, БАӘ, Сауд Арабиясы, Өзбекстан** және **Әзірбайжан** елдерінің Басшыларымен кездесіп үлгірді.

***** Назарбаев **78** нормативтік-құқықтық актіге қол қойыпты. Олардың қатарында **48**- Жарлық, **17**- Өкім және **13** Заңдар бар.

Масқара, осының бәріне қалай үлгіреді екен?

**Трамп** не істеді? Оған да жүз күн болып қалды-ау?

**Өзбек** басшысы ше? Тауықтарының жұмыртқасын санап болды-ау. Ол да бір тынымсыз адам боп көрінеді.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/elbasyny-birinshi-to-sanda-y-ba-asy-4-ne-5-oyar-edim-763087](https://yvision.kz/kk/post/elbasyny-birinshi-to-sanda-y-ba-asy-4-ne-5-oyar-edim-763087)