---
title: "Елбасы және Ассамблея: Татулық пен келісім жолы"
description: "Көпэтносты Қазақстан үшін тұрақ­ты­­­лықты, этносаралық келісімді қамта­масыз ету – мемлекеттік саяс..."
author: "mangystau.nurotan.kz"
published: "2020-11-07T05:53:00+00:00"
modified: "2020-11-07T05:53:00+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/elbasy-zh-ne-assambleya-tatuly-pen-kelisim-zholy-871459"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/elbasy-zh-ne-assambleya-tatuly-pen-kelisim-zholy-871459/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Елбасы және Ассамблея: Татулық пен келісім жолы

> Көпэтносты Қазақстан үшін тұрақ­ты­­­лықты, этносаралық келісімді қамта­масыз ету – мемлекеттік саяс...

Көпэтносты Қазақстан үшін тұрақ­ты­­­лықты, этносаралық келісімді қамта­масыз ету – мемлекеттік саясаттың ма­ңызды ба­сымдықтарының бірі, әлеу­меттік-эко­номикалық және саяси рефор­маларды жүргізудің негізгі міндеті бол­­­­ды.

Қазақстан Республикасының Тұң­ғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың саяси ерік-жігері халық­­тың бірлігін қамтамасыз етуге бағыт­талды. Бұл саясаттың өмірде іске асырылуы қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық моделінде көрі­ніс тауып, ол халықаралық тұрғыдан мойын­далды. Біздің еліміз әу бастан-ақ мәдениеттердің, тілдердің, халық дәстүрлерінің алуан түрлілігін мойындай отырып, азаматтық қоғам құру жолын таңдады. Қазақстандық бірегейлік – жалпыазаматтық құндылықтарды, экономикалық, әлеуметтік және мәде­ни мүмкіндіктер теңдігі жүйесін орнықты­руға негізделген.

Елбасы белгілеген негізгі қағидаттар:
- мемлекеттің мүлтіксіз дамуының, өзара сыйластық пен қоғамның жауапкер­шілігін сақтаудың мызғымастығы;
- Қазақстан халқының бірлігі;
- этностық, конфессиялық, мәдени және тілдік әралуандық;
- қазақ халқының біріктіруші рөлі;
- барша этностарға мәдениетті, тіл­дер мен дәстүрлерді дамыту үшін бар­лық қажетті жағдайлардың жасалуы.

Ассамблея қазақстандық бірегейлікті қалыптастыру және қоғамдық келісімнің конс­титуциялық қағидатын іске асыру тетігі ретінде әрекет етеді, бұл – азамат­тық­ қоғам мен мемлекеттің диалогтық алаңы. Оның қызметі қоғамдық келісім мен бірлікке қатысты Конституция норма­ларының толық, табысты және сөзсіз іске асырылуын қамтамасыз етеді.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/elbasy-zh-ne-assambleya-tatuly-pen-kelisim-zholy-871459](https://yvision.kz/kk/post/elbasy-zh-ne-assambleya-tatuly-pen-kelisim-zholy-871459)