---
title: "Елбасы «ҚР Үкіметінің құрамы туралы» Жарлыққа қол қойды"
description: "ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамы туралы» Жарлыққа қол қой..."
author: "kazinform_kz"
published: "2015-04-30T05:57:37+00:00"
modified: "2015-04-30T05:57:37+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/elbasy-r-kimetini-ramy-turaly-zharly-a-ol-oydy-497407"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/elbasy-r-kimetini-ramy-turaly-zharly-a-ol-oydy-497407/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Елбасы «ҚР Үкіметінің құрамы туралы» Жарлыққа қол қойды

> ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамы туралы» Жарлыққа қол қой...

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамы туралы» Жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлады.

![](https://storage.yvision.kz/images/user/kazinform/YYWEu5lTT2vS7JaUD3PCkDjRu8BB5E.jpg)

** **«Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамы туралы» Жарлық Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 3-тармағына сәйкес **ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:**

1. Мыналар:

Бақытжан Әбдірұлы Сағынтаев - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары;

Бердібек Машбекұлы Сапарбаев - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары;

Асылжан Сарыбайұлы Мамытбеков - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі;

Берік Мәжитұлы Имашев - Қазақстан Республикасының Әділет министрі;

Аслан Бәкенұлы Сәрінжіпов - Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі;

Тамара Босымбекқызы Дүйсенова - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі;

Әсет Өрентайұлы Исекешев - Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі;

Бақыт Тұрлыханұлы Сұлтанов - Қазақстан Республикасының Қаржы министрі;

Иманғали Нұрғалиұлы Тасмағамбетов - Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі;

Арыстанбек Мұхамедиұлы - Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі;

Ерлан Әбілфайызұлы Ыдырысов - Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі;

Ерболат Асқарбекұлы Досаев - Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі;

Қалмұханбет Нұрмұханбетұлы Қасымов - Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі;

Жанар Сейдахметқызы Айтжанова - Қазақстан Республикасының Экономикалық интеграция істері министрі;

Владимир Сергеевич Школьник - Қазақстан Республикасының Энергетика министрі болып тағайындалсын.

2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

**Қазақстан Республикасының**

**Президенті Н.Назарбаев**

 

**ҚазАқпарат**

[http://www.inform.kz/](http://www.inform.kz/)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/elbasy-r-kimetini-ramy-turaly-zharly-a-ol-oydy-497407](https://yvision.kz/kk/post/elbasy-r-kimetini-ramy-turaly-zharly-a-ol-oydy-497407)