---
title: "Елбасы Дубайда неғып жүр?"
description: "Елбасының биылғы сапарларының ішіндегі ең ауқымдысы, осы Дубай сапары болды-ау. 2-3 күнге созылған р..."
author: "tracyb"
published: "2017-03-28T22:13:30+00:00"
modified: "2017-03-28T22:13:30+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/elbasy-dubayda-ne-yp-zh-r-761406"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/elbasy-dubayda-ne-yp-zh-r-761406/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Елбасы Дубайда неғып жүр?

> Елбасының биылғы сапарларының ішіндегі ең ауқымдысы, осы Дубай сапары болды-ау. 2-3 күнге созылған р...

Елбасының биылғы сапарларының ішіндегі ең ауқымдысы, осы **Дубай** сапары болды-ау. **2-3** күнге созылған ресми іс-сапардан Назарбаев олжалы оралады дейді сарапшылар. **Неге?,** деген сұрақты қою, әрине, қисынсыздау болар. Себебі, барлық ресми кездесулерден азда болса, пайдалы дүниелер көруге болады. Елге не керек?, бастысы, мемлекетаралық ынтымақтастық, бейбіт-татулық келісімдері.Кездесудің басты бағыты да осы жағынан өрбіді. **Қазақстан Президенті Біріккен Араб Әмірліктерінің** **Вице-Президенті,** **Премьер-Министрі****,** **Дубай әмірлігінің билеушісі****,** **шейх Мұхаммед бен Рашид Әл Мактум****мен кездесіпті. Ақорда солай деп жатыр.** **(өзім барғаным жоқ)**

Кездесуден, **сауда-экономика**, **қаржы** және **инвестиция** салаларындағы өзара іс-қимыл мәселелері тыс қалмады.

Меніңше, ең ірісі – Назарбаевтың **DIFC** пен **Астана халықаралық қаржы** орталығы арасында тығыз қарым-қатынас орнату жөніндегі мәселелері. Бастысы, **Дубай** әмірлігінің билеушісі бұл бағыттағы жұмыстарға толық дайын екенін айтты.

**Исламдық** қаржыландыру ісі бізде қатты жүрмесе де, бастамасы жаман емес. Әрине, **Ислам** банкі толық кірсе, басқа банктер өздігінен тұншығып, тіпті, **«банкрот»** болып қалуы ғажап емес. Себебі, **Ислам** құндылықтарына негізделген банктің клиенттерге көрсететін қызметі өте қолайлы. **Діни** риторикамен айтсақ, **сауапты** һәм сауатты!

Елбасы Шейхқа **«ЭКСПО-2017»** халықаралық мамандандырылған көрмесіне дайындықтың аяқталғанын, шара біткен соң, көрме нысандары **Астана халықаралық қаржы** орталығының жұмысы үшін пайдаланылатынын жеткізді. Осы көрмеге шақыруды да ұмытпады.)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/elbasy-dubayda-ne-yp-zh-r-761406](https://yvision.kz/kk/post/elbasy-dubayda-ne-yp-zh-r-761406)