---
title: "Елбасы Астана қаласының даму жоспарымен танысты"
description: "Елорда тұрғындары үшін қолайлы жағдай жасаудың жоғары әлеуметтік маңызын атап көрсеткен Мемлекет бас..."
author: "Anuarbek_Ainash"
published: "2018-09-23T12:27:19+00:00"
modified: "2018-09-26T06:46:27+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/elbasy-astana-alasyny-damu-zhosparymen-tanysty-815079"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/elbasy-astana-alasyny-damu-zhosparymen-tanysty-815079/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Елбасы Астана қаласының даму жоспарымен танысты

> Елорда тұрғындары үшін қолайлы жағдай жасаудың жоғары әлеуметтік маңызын атап көрсеткен Мемлекет бас...

Елорда тұрғындары үшін қолайлы жағдай жасаудың жоғары әлеуметтік маңызын атап көрсеткен Мемлекет басшысы қала құрылысына кешенді көзқарастың қажеттілігін атап өтті. Нұрсұлтан Назарбаев азаматтарды қолжетімді әлеуметтік нысандарды, оның ішінде білім беру және медициналық мекемелерде қыхмет ететін азаматтарды қамтамасыз етудің маңыздылығын атап өтті. Бұдан басқа, Қазақстан Президенті елорданы көгалдандыру, автокөлік тұрақтарын салу және көлік аялдамаларын салу мәселелеріне тоқталды, бұл қалада автокөлік қозғалысын оңтайландыруға мүмкіндік береді.

Астана қаласының әкімі Бақыт Сұлтанов Мемлекет басшысына елордадағы әлеуметтік, коммерциялық, әкімшілік және тұрмыстық нысандардың құрылысы туралы ақпараттарды ұсынды, сондай-ақ қаланың инфрақұрылымын дамыту перспективалары туралы баяндады. Қала басшылығының мәліметтері бойынша, үстіміздегі жылдың басынан бастап елордада 1,7 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, ал 2018 жылдың соңына дейін тағы 2,3 млн шаршы метрді салу жоспарланып отыр.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/elbasy-astana-alasyny-damu-zhosparymen-tanysty-815079](https://yvision.kz/kk/post/elbasy-astana-alasyny-damu-zhosparymen-tanysty-815079)