---
title: "Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Жастар орталығы марапатталды"
description: "Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай, Павлодар облысы жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы..."
author: "CRMI"
published: "2016-12-15T05:48:48+00:00"
modified: "2016-12-15T05:49:23+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/el-t-uelsizdigini-25-zhyldy-yna-oray-zhastar-ortaly-y-marapattaldy-737972"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/el-t-uelsizdigini-25-zhyldy-yna-oray-zhastar-ortaly-y-marapattaldy-737972/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Жастар орталығы марапатталды

> Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай, Павлодар облысы жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы...

Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай, Павлодар облысы жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы Жастар бастамаларын дамыту орталығының қызметкерлерін жастар саясатының дамуына қосқан зор үлестері мен еңбектері үшін марапаттады. Өзінің алғашқы құттықтау сөзімен жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының басшысы Нефедова Наталья Владимировна жыл бойы атқарылған жұмыстардың жемісімен бөлісіп, әр қызметкердің орталық үшін маңызды тұлға екенін атап өтті.

![](https://storage.yvision.kz/images/user/crmi/85SZxwWITPjreJ8hY551a8imm47STc.jpg)

Сондай-ақ, Павлодар облысының әкімі Бақауов Болат Жұмабекұлының атынан Жастар бастамаларын дамыту орталығының директоры Садықова Айгүл Абылайханқызына көп жылғы ерен еңбегі, өңірдің әлеуметтік экономикалық дамуына елеулі үлесі үшін құрмет грамотасын табыстады. Айгүл Абылайханқызы болса, желтоқсан айының үздік қызметкерін анықтап, жақында ана атанғалы жүрген Жексенбаева Алмагүлді құттықтады.

![](https://storage.yvision.kz/images/user/crmi/yY4HwG2XZUZNymEy0FxNt498EIxyu6.jpg)

Қазір еліміз үшін ең ұлық мереке, қастерлі сәт-Тәуелсіздіктің 25 жылдығын қарсы алып тұрмыз. Тәуелсіздік – тағдыр сыйлаған бақыт. Бақыт бағалай білгенге ғана қонады. 25 жыл ішінде Қазақстан салмағы ғасырға жүк болатын жетістікке жетіп, биік деңгейге көтеріліп, ТМД елдерінің алдыңғы қатарынан көрінді. Аймағымыздың дамуына орталық қызметкерлері талмай еңбек етті.

![](https://storage.yvision.kz/images/user/crmi/faGN4oB9f3gp7MOnZsr3BWEoHd33wp.jpg)

Жастар бастамаларын дамыту орталығы ақпараттық-техникалық бөлімінің инспекторы, жас қызметкері Сүлейменов Жұмабайдың айтуынша, осы мекемеде қызмет жасағанына қуанады және ұйымшыл ұжыммен мақтан тұтады.

- Қандай да бір облысымыздағы ауқымды іс-шараларда жастардың үлесі зор. Біздің қызметкерлер әрбір шараға үлкен жауаптылықты артады. Бүгінгі марапат орынды. Жастар орталығының қызметкерлері жігерлене түсті деген ойдамын. Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығымен баршаңызды шын жүректен құттықтаймын- дейді Жұмабай Сүлейменов.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/el-t-uelsizdigini-25-zhyldy-yna-oray-zhastar-ortaly-y-marapattaldy-737972](https://yvision.kz/kk/post/el-t-uelsizdigini-25-zhyldy-yna-oray-zhastar-ortaly-y-marapattaldy-737972)