---
title: "Ел чемпионаты Өскеменде өтеді"
description: "Қарашаның 15-і мен 20-сы аралығында дзюдодан ерлер және әйелдер арасында Қазақстан чемпионаты Өскем..."
author: "kazsportagent"
published: "2013-11-11T23:04:32+00:00"
modified: "2013-11-11T23:05:10+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/el-chempionaty-skemende-tedi-384468"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/el-chempionaty-skemende-tedi-384468/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Ел чемпионаты Өскеменде өтеді

> Қарашаның 15-і мен 20-сы аралығында дзюдодан ерлер және әйелдер арасында Қазақстан чемпионаты Өскем...

[!\[чемпионат Казахстана по дзюдо 2013\](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2013/11/photo_26314-300x208.jpg)](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2013/11/photo_26314.jpg)

Қарашаның 15-і мен 20-сы аралығында дзюдодан ерлер және әйелдер арасында Қазақстан чемпионаты Өскеменде өтеді. Қаланың жаңадан салынған заманауи спорт кешенінде өтетін ел біріншілігіне қатысу үшін Республиканың 14 облысы және екі мегополисінен барлығы 650-ге жуық дзюдошы өтініш білдірді.

Ел біріншілігіне қатысатын әр команданың дзюдошылар саны 2012 жылғы Қазақстан чемпионатының қорытындысы бойынша анықталады, деп жазады alasharena.kz.

Нақты айтсақ, өткен жылы Талдықорғанда өткен ел біріншілігінде 1-6 орын алған командалар өз аймақтарындағы чемпионаттарда жүлдеге іліккен балуандарының барлығын қатыстыра алады.

7-10 орыннан көрінген командалар әр салмақта үш балуаннан қоса алады. 11-14 орынды иемденген командаларға екі балуаннан қосуға рұқсат. Ал өткен жылғы ел чемпионатында 15-16 орындардан көрінген екі команданың Өскемендегі ел біріншілігіне әр салмақ дәрежесінде тек бір ғана дзюдошыдан қосуларына мүмкіндіктері бар.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/el-chempionaty-skemende-tedi-384468](https://yvision.kz/kk/post/el-chempionaty-skemende-tedi-384468)