---
title: "Ел болашағы–білімді жастарда"
description: "Арыстандай айбатты, Жолбарыстай қайратты, Қырандай күшті қанаттыМен жастарға сенемін. ..."
author: "uservk209308161"
published: "2019-03-18T18:04:49+00:00"
modified: "2019-03-18T18:08:34+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/el-bolasha-y-bilimdi-zhastarda-828567"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/el-bolasha-y-bilimdi-zhastarda-828567/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Ел болашағы–білімді жастарда

> Арыстандай айбатты, Жолбарыстай қайратты, Қырандай күшті қанаттыМен жастарға сенемін. ...

Арыстандай айбатты,

Жолбарыстай қайратты,

Қырандай күшті қанатты

Мен жастарға сенемін.

Мағжан Жұмабаев

Биыл Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев “2019 жыл–жастар жылы деп жариялағанындай жастарға үлкен үміт артатынын алға тартып, жастардың білімдерін жетілдіруіне, жұмысқа орналасуына, баспаналы болуына байланысты т.б тапсырмалар жүктеген болатын. Сол себептен,Қазақстанда Жастар мәселесіне айрықша көңіл аударылады. Қазіргі таңдағы халық саны 18- миллион адамнан асқанын ескерсек, соның 23%- дан жоғары жастар.Жастар саясаты туралы заң бойынша жастар 14-29 жас аралығын қамтиды.

Мемлекеттің тұрақты дамуы–жастармен тығыз байланысты десек, бұл жас мамандардың тікелей бүтін бір елдің дамуына септігін тигізбек. Қазіргі таңда бой емес, ой таластыратын заман. Осыған орай, Жастар бастамасымен Республика көлемінде көптеген іс-шаралар мен жұмыстар атқарылу үстінде. Соның ішінде мамандарды ауылға тартуды көздейтін “Дипломмен ауылға”, “Болашақ” Халықаралық стипендиясы, “Серпін” секілді бағдарламалар жұмыс жасауда. Елбасымыз сеніп тапсырғандай, Республикада жастар саясатының мәселелері бойынша арнайы орган – ҚР Дін істері және Азаматтық қоғам министрлігі құрылды. Бұл құрылымда: білім алу, жастарды жұмыспен қамтамасыз ету, бос уақытты тиімді өткізу, патриотизмді бекіту секілді мәселелерді қамтиды.

Соңғы жылдары елімізде жастар ұйымдарының саны ежептәуір артуда. Олардың көбі халықтың мұң-мұқтажын, жастардың проблемасын шешіп жүргендері де жоқ емес. Жастар ұйымдары дегенде, ең алдымен, “Нұр Отан” партиясы жанындағы “Жас Отан” жастар қанаты ойға оралады.

Сондай-ақ, әр өңірде жерімізді көгалдандыру мен экологиялық жағынан тазалықты қамтамасыз етіп жүрген “Жасыл ел” жастар еңбек жасағының орны бөлек. Жастарды жұмыспен қамтуға, студенттердің бос уақытын тиімді өткізуге көмегін тигізіп келеді.

Алайда, соңғы кезде үлкен белең алған проблемалар да жоқ емес. Сол проблемалардың бірі “жұмыссыздық”. Бұл тек бүтін бір елдің проблемасы ғана емес, қоғам дерті. Елімізде статистикаға сүйенсек (соңғы есеп бойынша 18 415,5) адамды құрап отыр. Соның ішінде жұмыссыздық деңгейі (2019 жылғы ақпан, %, бағалау) бойынша 4,8 % құрап отыр. Ал орташа айлық жалақы (2019 жылғы ақпан, теңге, бағалау) бойынша 167 682 теңгеге шағады.

Іздеген адамға бәрі де табылмақ, тек ізденіс үстінде болуы шарт. Жас буынның ойы ұшқыр, алға қойған мақсаты биік, талғамы терең болуы өзіне байланысты. Жастарға артылған сенімді жастар нық қадаммен алып шығады деген сенімдеміз, ләйім солай болғай!

Азамат МОЛДАШЕВ

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті,журналистика мамандығының II-курс студенті.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/el-bolasha-y-bilimdi-zhastarda-828567](https://yvision.kz/kk/post/el-bolasha-y-bilimdi-zhastarda-828567)