---
title: "ЭКСПО да бітті, күз де келді"
description: "Кешелі бері Астананың ауа-райы өзгеріп тұр. Бұған дейін, жаз боп тұр еді. Енді, міне күн күрт суытты..."
author: "tracyb"
published: "2017-09-11T04:00:46+00:00"
modified: "2017-09-11T04:00:46+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/ekspo-da-bitti-k-z-de-keldi-778400"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/ekspo-da-bitti-k-z-de-keldi-778400/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# ЭКСПО да бітті, күз де келді

> Кешелі бері Астананың ауа-райы өзгеріп тұр. Бұған дейін, жаз боп тұр еді. Енді, міне күн күрт суытты...

Кешелі бері Астананың ауа-райы өзгеріп тұр. Бұған дейін, жаз боп тұр еді. Енді, міне күн күрт суытты. Мұның да бір астары бар шығар. Алаулатып жүріп, ЭКСПО ны да бітірдік. Назарбаевтың өзі қуанып, шара жақсы өтті. Ат салысқан барша азаматтарға алғыс айтамын деді.

Елбасы былай дейді:

" Шағын және орта бизнестегі 1400-ден астам кәсіпорын құны 640 миллиард теңге болатын тауарларды жеткізуге және қызмет көрсетуге тапсырыс алды. Туристік сектор жанданды. Туроператорлардың қызметіне деген сұраныс 1,8 есе артқан. Астанада кәсіпкерлік субъектілерінің саны 10 пайыздан аса көбейді. Елорда бюджетіне қызмет көрсету саласынан түскен салық 1,2 есе өсті. Қазақстанның астанасы бүкіл әлемнің назарын өзіне аударды"

Иә, бұған біздің алып өосарымыз жоқ. Бәрі жақсы өтті. Ең бастысы, қауіпсіз өтті. Бастапқыда ойлағанбыз, әлгі шар домалап, маңындаңыларды жайпай ма деп. Әйтеуір, абырой болғанда бәрі орнында тұр. Көзге бірден ұрғаны шарадағы халыралық мәдени - рухани дүниелердің жасалуы. Назарбаев мұны да тасада қалдырмады.

" Күн сайын елордамыз төрткүл дүниенің түкпір-түкпірінен жеткен түрлі мәдениеттің әуені мен нақышына бөленіп тұрды. Бүгінгі салтанатты рәсім Ислам ынтымақтастығы ұйымының ғылым және технологиялар жөніндегі саммитімен тұспа-тұс келіп отыр. Онда ислам әлеміндегі ғылыми-техникалық дамудың маңызды мәселелері талқылануда. Жалпы, ЭКСПО аясында 6 мыңнан астам түрлі іс-шара өткізілді"

Қазақстан Президенті еліміздің Еуразия өңіріндегі қауіпсіз әрі қарқынды дамып келе жатқан мемлекет ретіндегі оң имиджін нығайта түскенін атап өтті.

Мемлекет басшысы «Болашақтың энергиясы» аясында озық идеялар мен технологиялардың дамуына түрткі болған және әлемде ғылымның өзара ықпалдастығын нығайтуға септігін тигізген көрменің бірқатар жағымды аспектілеріне тоқталды.

– ЭКСПО бүкіл әлемнің интеллектуалдық және технологиялық әлеуетін көрсетуге зор мүмкіндік берді. Мұнда жаңартылатын энергия көздері саласындағы 140-қа жуық ғылыми жаңалық көпшілік назарына ұсынылды, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

"Осымен халықаралық «ЭКСПО-2017» мамандандырылған көрмесін жабық деп жариялаймын! Оның идеясының толығымен жүзеге асуына қолдау көрсеткен Қазақстан халқына ризашылығымды білдіремін. Көрменің сәтті өтуіне мыңдаған адам атсалысып, еңбек етті. Баршаңызға Қазақ жеріндегі айтулы шараға белсене қатысқандарыңыз үшін алғыс айтамын, – деді Мемлекет басшысы. Бұл, Елбасының көрменің ресми жабылуы қарсаңындағы соңғыс сөзі еді.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/ekspo-da-bitti-k-z-de-keldi-778400](https://yvision.kz/kk/post/ekspo-da-bitti-k-z-de-keldi-778400)