---
title: "«ЭКСПО-ға дайындық» семинар-тренингте."
description: "1 шілде күні ОҚО Шымкент қаласында 2016 жылға арналаған туризмді дамыту жоспарына сәйкес, қалалық кә..."
author: "azret_sultan"
published: "2016-07-12T23:51:15+00:00"
modified: "2016-07-12T23:53:11+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/ekspo-a-dayyndy-seminar-treningte-702035"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/ekspo-a-dayyndy-seminar-treningte-702035/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «ЭКСПО-ға дайындық» семинар-тренингте.

> 1 шілде күні ОҚО Шымкент қаласында 2016 жылға арналаған туризмді дамыту жоспарына сәйкес, қалалық кә...

1 шілде күні ОҚО Шымкент қаласында 2016 жылға арналаған туризмді дамыту жоспарына сәйкес, қалалық кәсіпкерлік бөлімінің ұйымдастыруымен «ЭКСПО-ға дайындық» атты семинар-тренинг болып өтті. Іс-шараға туристік ұйымдардың, қонақ үйлердің, такси қызметінің, ОҚО бойынша барлық аудындық кәсіпкерлік бөлімдерінің, қорық-музейлердің және БАҚ өкілдері қатысты.

![«ЭКСПО-ға дайындық» семинар-тренингте.](https://scontent.xx.fbcdn.net/v/t1.0-9/13510882_1763163373939402_7776600829892473769_n.jpg?oh=7bfa8d228b07878e206991b912fb2bc7&oe=57FA2C30)

Аталған іс-шараның басты мақсаты мен міндеті – ішкі туризмді дамыту. Семинар барысында ЭКСПО 2017 халықаралық мамандандырылған көрмесіне дайындық аясында қаланың туристік әлеуетіндегі шетелдік туристер қабылдаудағы өзекті мәселелер мен шешу жолдары қамтылды. Айтулы семинар-тренингке «Әзірет Сұлтан» музей-қорығының атынан директордың орынбасары Ғ.Садықов және мәдени байланыс жөніндегі менеджер Д.Қожамұратов қатысып өз пікірлерін білдіріп қайтты.

![«ЭКСПО-ға дайындық» семинар-тренингте.](https://fbcdn-sphotos-g-a.akamaihd.net/hphotos-ak-xtf1/v/t1.0-9/13567383_1763163367272736_5607752519698403280_n.jpg?oh=770d57e614b72c4fb3267d17caebb5f2&oe=57EFF1A4&__gda__=1479085836_44f1d01ef10c898c5c0824b5a05f3565)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/ekspo-a-dayyndy-seminar-treningte-702035](https://yvision.kz/kk/post/ekspo-a-dayyndy-seminar-treningte-702035)