---
title: "ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесіне арналған өлең (өзі шығарған) байқауының баспасөз хабарламасы"
description: "2017 жылғы 22 маусымнан 17 шілдеге дейін ЭКСПО - 2017 халықаралық мамандандырылған көрмесіне арналға..."
author: "minenergo"
published: "2017-09-06T02:35:42+00:00"
modified: "2017-09-06T02:35:42+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/ekspo-2017-haly-araly-mamandandyryl-an-k-rmesine-arnal-an-le-zi-shy-ar-an-bay-auyny-baspas-z-habarla-777785"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/ekspo-2017-haly-araly-mamandandyryl-an-k-rmesine-arnal-an-le-zi-shy-ar-an-bay-auyny-baspas-z-habarla-777785/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесіне арналған өлең (өзі шығарған) байқауының баспасөз хабарламасы

> 2017 жылғы 22 маусымнан 17 шілдеге дейін ЭКСПО - 2017 халықаралық мамандандырылған көрмесіне арналға...

2017 жылғы 22 маусымнан 17 шілдеге дейін ЭКСПО - 2017 халықаралық мамандандырылған көрмесіне арналған үздік өлеңге (өзі шығарған) Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің қызметкерлері арасында байқау өткізілді. Байқауға Министрліктің 13 қызметкері қатысты. Байқаудың негізгі мақсаттары мен міндеттері: – Қазақстанның ең көлемді ұлттық жобасы - ЭКСПО - 2017 халықаралық мамандандырылған көрмесімен ҚР Энергетика министрлігінің қызметкерлерін таныстыру; – ҚР Энергетика министрлігі қызметкерлерінің экология тақырыбында ойлануына себепші болу, сондай-ақ энергетиканың өзекті мәселелері мен энергетикалық ресурстарды ұтымды пайдалану туралы білімді қалыптастыру; – дарынды қызметкерлерді қолдау болып табылады. Байқаудың талаптары:
- өлең мазмұнының ерекшелігі мен тереңдігі;
- байқау тақырыбына сәйкес келуі;
- ұйқас және буын сапасы. Байқауды қорытындылай отырып, мынадай қызметкерлердің жұмыстары үздік деп танылды:  1 - орын - Избасов Қайрат Бисенбайұлы «Навеяно Экспо -2017»өлеңі үшін;  2 -орын–Есенбаев Асылбек Көшербайұлы «ЭКСПО-2017» қазақ тіліндегі өлеңі үшін;  3- орын–Карамбетов Ескендір Ерболатұлы «ЭКСПО-2017, изменим мир!!!» өлеңі үшін. Байқау жылы, достық атмосферада өтті. Байқау жеңімпаздары дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.

ҚР ЭМ Баспасөз қызметі

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/ekspo-2017-haly-araly-mamandandyryl-an-k-rmesine-arnal-an-le-zi-shy-ar-an-bay-auyny-baspas-z-habarla-777785](https://yvision.kz/kk/post/ekspo-2017-haly-araly-mamandandyryl-an-k-rmesine-arnal-an-le-zi-shy-ar-an-bay-auyny-baspas-z-habarla-777785)