---
title: "«ЭКСПО-2017» барысында БҰҰ мен Дүниежүзілік банктің қолдауымен G-Global аясында 3 форум өткізуге болады – С.Нөгербек"
description: "АСТАНА. ҚазАқпарат – «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі барысында БҰҰ мен Дүниежүзілік банктің қолдауы..."
author: "Green-bridge1"
published: "2015-11-18T23:10:42+00:00"
modified: "2015-11-18T23:10:42+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/ekspo-2017-barysynda-b-men-d-niezh-zilik-bankti-oldauymen-g-global-ayasynda-3-forum-tkizuge-bolady-s-647511"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/ekspo-2017-barysynda-b-men-d-niezh-zilik-bankti-oldauymen-g-global-ayasynda-3-forum-tkizuge-bolady-s-647511/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «ЭКСПО-2017» барысында БҰҰ мен Дүниежүзілік банктің қолдауымен G-Global аясында 3 форум өткізуге болады – С.Нөгербек

> АСТАНА. ҚазАқпарат – «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі барысында БҰҰ мен Дүниежүзілік банктің қолдауы...

АСТАНА. ҚазАқпарат – «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі барысында БҰҰ мен Дүниежүзілік банктің қолдауымен G-Global аясында 3 форум өткізуге болады.

Мұндай ұсынысты бүгін «Жасыл көпір: Алдыңғы қатарлы практив және инновациялар үшін серіктестік тұрғынамасы» атты халықаралық конференция барысында G-Global халықаралық хатшылығының басшысы Серік Нөгербеков жасады.

«Біз «ЭКСПО-2017» аясында үш халықаралық форум өткізу бастамасын көтеріп отырмыз. Олардың күн тәртібі – СО2 шығарындыларын төмендету, энергия тиімділігін арттыру және барлық үшін қолжетімді энергия», – деді ол.

Оның сөзіне қарағанда, бұл халықаралық шараларды БҰҰ мен Дүниежүзілік банктің қолдауымен өткізу қажет.

«Бүгінгі күні G-Global халықаралық хатшылығы, жасыл экономика коалициясы және G-Global барлығы үшін тұрақты даму бастамаларын ілгерілетуге жауапты болып табылатын Юнкелль мырзаның кеңсесімен келіссөздер жүргізуде», – деді С.Нөгербеков.

Сонымен қатар ол ЭКСПО-2017 алаңында барлығы үшін тұрақты энергия бастамасының жүзеге асырылуының 3 жылдық қорытындысына арналған конференция өткіге болатындығын да алға тартты. «Бұл алаңда аталған бағытта ерекшеленген 10 мемлекет пен 10 ірі компанияны марапаттауға да болар еді», – деп қосты ол.

http://gbpp.org/kz/2015/11/11823

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/ekspo-2017-barysynda-b-men-d-niezh-zilik-bankti-oldauymen-g-global-ayasynda-3-forum-tkizuge-bolady-s-647511](https://yvision.kz/kk/post/ekspo-2017-barysynda-b-men-d-niezh-zilik-bankti-oldauymen-g-global-ayasynda-3-forum-tkizuge-bolady-s-647511)