---
title: "Экономика саласының болашақ мамандары сыбайлас жемқорлыққа қарсы"
description: "2016 жылдың 14 сәуірінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Алматы ..."
author: "AlmatyAnticorruption"
published: "2016-04-25T22:38:56+00:00"
modified: "2016-04-25T22:40:08+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/ekonomika-salasyny-bolasha-mamandary-sybaylas-zhem-orly-a-arsy-690708"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/ekonomika-salasyny-bolasha-mamandary-sybaylas-zhem-orly-a-arsy-690708/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Экономика саласының болашақ мамандары сыбайлас жемқорлыққа қарсы

> 2016 жылдың 14 сәуірінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Алматы ...

![Экономика саласының болашақ мамандары сыбайлас жемқорлыққа қарсы](https://storage.yvision.kz/images/user/almatyanticorruption/DsuFTqxF2Wb0qVFol97BUb1u2zEli7.jpg)

2016 жылдың 14 сәуірінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің (*Бұдан әрі – Департамент*) Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының қызметкерлері Қазақстан экономика, менеджмент және болжау институтында (*Бұдан әрі – Институт*) ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы 2015-2025 жылдарға арналған стратегиясының негізгі бағыттарын, ҚР «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» және «Әдеп кодексі» Заңдарын түсіндіру мақсатында семинар – мәжіліс өткізді.

Семинар – мәжіліске Институттың профессорлық оқытушы құрамы мен студенттері қатысты.

Департамент өкілі Нұрбол Бейсеков ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы 2015-2025 жылдарға арналған стратегиясының мақсатын, негізгі бағыттарын, міндеттерін және қабылданған жаңа заңдарда қарастырылған өзгерістерді жан-жақты түсіндірді.

Институттың студенттердің мәселелері жөніндегі орындаушы директоры Фариза Бекжан, институтта сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, студенттердің институт басшылығына сенімін арттыру және «Таза сессия» бағдарламасын іске асыру бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтып өтті.

Іс-шарада сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытындағы бейне роликтер көрсетіліп, сұрақ – жауап форматы қолданды.

![Экономика саласының болашақ мамандары сыбайлас жемқорлыққа қарсы](https://storage.yvision.kz/images/user/almatyanticorruption/zsP9YnbMXIzS5Sp98NxUIrqpJxYhyE.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/ekonomika-salasyny-bolasha-mamandary-sybaylas-zhem-orly-a-arsy-690708](https://yvision.kz/kk/post/ekonomika-salasyny-bolasha-mamandary-sybaylas-zhem-orly-a-arsy-690708)