---
title: "Экологтар сыбайлас жемқорлыққа қарсы"
description: "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігін..."
author: "StopCorruption"
published: "2015-09-22T22:29:20+00:00"
modified: "2015-09-22T22:29:20+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/ekologtar-sybaylas-zhem-orly-a-arsy-545760"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/ekologtar-sybaylas-zhem-orly-a-arsy-545760/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Экологтар сыбайлас жемқорлыққа қарсы

> Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігін...

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментініңұйымдастыруымен ағымдағы жылдың **4қыркүйегінде**Маңғыстау облысы бойынша экология департаментінде «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегия талаптарын түсіндіру мақсатындағы лекция өткізілді.

Іс-шара барысында Департаменттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру және жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасау бөлімінің басшысы **Ербол Жұмабай** іс-шараның мақсаты, «Нұрлы жол-болашаққа бастар жол» атты ҚР ПрезидентініңХалыққа Жолдауы және «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының талаптары, Қазақстан Республикасының2015-2025 ж.ж. арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы мен оның орындалу барысы бойынша түсіндіріп өтті.

Сонымен бірге Департаменттің жаңа жұмыс бағыттары – талдау және сыбайлас жемқорлық қатерлерін анықтау, жемқорлыққа қарсы сауаттандыру және жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасау бойынша сөз қозғалды.

Сөз соңында Агенттіктің ресми [www.anticorruption.gov.kz](http://www.anticorruption.gov.kz)сайтының, өтініштерді қабылдауға арналған [www.1494.kz](http://www.1494.kz) порталының, **1494Call-центрінің** жұмысы бойынша және республикалық «Сыбайлас жемқорлықпен күрес саясаты» журналы туралы ақпарат беріліп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сипаттағы жадынамалар таратылып, бейнероликтер көрсетіліп, әлеуметтік сауалнама жүргізілді.

![Экологтар сыбайлас жемқорлыққа қарсы](https://storage.yvision.kz/images/user/stopcorruption/WG8js0UiXHZJ1vvHdN8ZTGV3om9QDy.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/ekologtar-sybaylas-zhem-orly-a-arsy-545760](https://yvision.kz/kk/post/ekologtar-sybaylas-zhem-orly-a-arsy-545760)