---
title: "ЭКО — құпия қару!"
description: "Өндірушілер өз өнімдеріне назар аудартуға және олардың тамақтары немесе косметикасы «табиғи және эко..."
author: "KZPP"
published: "2017-01-17T04:21:24+00:00"
modified: "2017-01-17T04:21:24+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/eko-piya-aru-749297"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/eko-piya-aru-749297/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# ЭКО — құпия қару!

> Өндірушілер өз өнімдеріне назар аудартуға және олардың тамақтары немесе косметикасы «табиғи және эко...

**Өндірушілер өз өнімдеріне назар аудартуға және олардың тамақтары немесе косметикасы «табиғи және экологиялық» болып табылады деп болжауға негіз болатындай етіп тауарларды әртүрлі атаулармен таңбалау арқылы сатылымын арттыруға ұмтылады.**

**Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті өткізілу сатысында импорт тамақ өнімдерінің «ЭКО», «БИО», «Organic» таңбаларымен таңбалануының және олардың органикалық немесе экологиялық таза жағдайда алынғаны туралы басқа да нұсқауларын тексеру бойынша жұмысты күшейтті.**

**Сол уақытта Комитет импорт өнімдерінің экспорттаушы елдің уәкілетті органы инспекциясының сертификаттарынсыз өткізілу, Қазақстан Республикасында сәйкестік (бағалау) рәсімдерінен өту құжаттары туралы мәліметтердің болмау фактілері бойынша өндірушілерге, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарына Қазақстанның тұтынушылық нарығын тиісінше қорғау шараларын қабылдау туралы хабарлама жібереді.**

**Бұдан басқа, жосықсыз өнім берушілерге мен сауда желілеріне қатысты әкімшілік сипаттағы, оның ішінде сәйкес келмейтін өнімдерді сатылымнан алып қою шаралары қолданылатын болады.**

**Өз кезегінде, жүргізілетін жұмыс ақпараттық сипатта болады және тұтынушылардың сол немесе өзге тауарды таңдауға аса жауаптылықпен келуге және ойланып барып таңдау жасауына мүмкіндік береді.**

**Сондай-ақ, тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың қоғамдық ұйымдарымен бірлесіп сәйкес келмейтін (оның ішінде органикалық) өнімдердің тізілімі, сыртқы экономикалық қызметтің жосықсыз қатысушыларының тізілімі жүргізіледі.**

**Интернет ресурс арқылы іске асырылатын барлық іс-шаралар тұтынушыларға таңдау жасауға, ал өндірушілер мен сауда желілеріне тиісті іс-шаралар жүргізуге мүмкіндік береді.**

**[http://kzpp.gov.kz/kaz/presscentr/news/?cid=0&rid=6779](http://kzpp.gov.kz/kaz/presscentr/news/?cid=0&rid=6779)**

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/eko-piya-aru-749297](https://yvision.kz/kk/post/eko-piya-aru-749297)