---
title: "Екінші Еуразиялық бизнес форумда қалдықтан қуат өндіру жолдары талқыланды"
description: "Қалдықтан энергия өндіру. Бас қалада өтіп жатқан екінші Еуразиялық бизнес форумның қатысушылары осы ..."
author: "minenergo"
published: "2017-09-05T06:09:40+00:00"
modified: "2017-09-05T06:09:40+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/ekinshi-euraziyaly-biznes-forumda-aldy-tan-uat-ndiru-zholdary-tal-ylandy-777671"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/ekinshi-euraziyaly-biznes-forumda-aldy-tan-uat-ndiru-zholdary-tal-ylandy-777671/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Екінші Еуразиялық бизнес форумда қалдықтан қуат өндіру жолдары талқыланды

> Қалдықтан энергия өндіру. Бас қалада өтіп жатқан екінші Еуразиялық бизнес форумның қатысушылары осы ...

Қалдықтан энергия өндіру. Бас қалада өтіп жатқан екінші Еуразиялық бизнес форумның қатысушылары осы тақырып төңірегінде пікірлерін ортаға салды. Халықаралық шараға 11 елден 300-ден астам сарапшы келді. Форум 5 шілде күні де жалғасады.

Тозығы жеткен көлігіңізді сатып, орнына су жаңа темір тұлпар мініңіз. Елімізде жаңа техника сатып алуға жеңілдігі бар сертификат беріліп жатыр. Бағдарлама талабына сай жеңіл көліктер де, жолаушылар тасымалдайтындары да, жүк көліктері де қабылданады. Жоюға жіберілетін техниканың шығарылған жылына, моделіне ешқандай шектеу жоқ.

**Ғани Сәдібеков , ҚР Энергетика министрінің орынбасары:**

**- Жеңіл автокөлік үшін 314 мың теңге, орташа салмақты автомобильге 460-470 мың теңге қаржы, ауыр автомбильдерге 650 мыңнан астам жеңілдік береді. Биылдан бері Қазақстанда 30 мыңға жуық ескі эксплуатациядан шыққан автомобильдер жиналып жіберілетін болады.**

Еуразиялық бизнес форумға қатысушылар қалдықтан энергия алудың жолдарын талқылады. Шетелдік сарапшылар тұрғындарға жаңа көлік алуға жеңілдік беру арқылы ескі тұлпарларды жою оң шешім екенін тілге тиек етті. Сондай-ақ, болашақта қалдықтаан энергия алудың тың тәсілдерімен бөлісті.

**Штиглиц Кристиан, сарапшы /ISWA/:**

**- Мемлекет дамыған сайын тұрмыстық қатты қалдықтардың көбейетіні қалыпты жағдай. Қоқыстың өзін кәде жаратып отырған елдер де жоқ емес. Тіпті энергия алуға мүмкіндік мол. Мәселен, еуропалықтар мұның қыр-сырын әлдеқашан меңгерген. Қазақстан қалдықтардан энергия алуға қызығушылық танытып отырғаны түсінікті. Ал, батыстың бірнеше компаниясы тәжірибе алмасуға қазірдің өзінде ниет білдіріп отыр. Алдағы уақытта ынтымақтақтастық орнайды деп сенемін.**

 

[http://24.kz/kz/zha-aly-tar/ekonomika/item/185478-ekinshi-euraziyaly-biznes-forumda-aldy-tan-uat-ndiru-zholdary-tal-ylandy](http://24.kz/kz/zha-aly-tar/ekonomika/item/185478-ekinshi-euraziyaly-biznes-forumda-aldy-tan-uat-ndiru-zholdary-tal-ylandy)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/ekinshi-euraziyaly-biznes-forumda-aldy-tan-uat-ndiru-zholdary-tal-ylandy-777671](https://yvision.kz/kk/post/ekinshi-euraziyaly-biznes-forumda-aldy-tan-uat-ndiru-zholdary-tal-ylandy-777671)