---
title: "Екі облыстың әкімдер орынбасарлары «Серпін» студенттерімен кездесті."
description: "Павлодар мемлекеттік педагогиклық институтында Оңтүстік аймақ басшылары «Серпін» студенттерімен кезд..."
author: "CRMI"
published: "2017-05-23T01:16:39+00:00"
modified: "2017-05-23T01:16:39+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/eki-oblysty-kimder-orynbasarlary-serpin-studentterimen-kezdesti-767562"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/eki-oblysty-kimder-orynbasarlary-serpin-studentterimen-kezdesti-767562/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Екі облыстың әкімдер орынбасарлары «Серпін» студенттерімен кездесті.

> Павлодар мемлекеттік педагогиклық институтында Оңтүстік аймақ басшылары «Серпін» студенттерімен кезд...

Павлодар мемлекеттік педагогиклық институтында Оңтүстік аймақ басшылары «Серпін» студенттерімен кездесті.

Аталмыш кездесуге Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Садыр Ербол мен Қызылорда облысының әкімі орынбасары Искаков Қуанышбек қатысты. Кездесуді ПМПИ ректоры Алтынбек Нұхұлы бастап студенттердің тұрмыс-тіршілігін, бөлмелерін барлап, бос уақыттаына арналған жаттығу залдары басқа да жасалған жағдайлармен таныстырып өтті. Жатақхана өмірін көргеннен соң осы аймақтыан келген жастармен жолықты. Басшылық пен студенттер арасындағы әңгіме бір жарым сағатқа жалғасты.

![](https://storage.yvision.kz/images/user/crmi/SN6NOfy86kP84W4RNOm8yjSepSjaHe.jpg)

Еркін сұхбат студенттерге ашылып әңгімелесуге мүмкіндік берді. Ербол Абілқайырұлы өз сөзінде жастарға оқу бітірісімен мүмкіндігінше Павлодарда қалуға тырысып, осы жақта қызметке тұруға кеңес берді.

Ал Қуанышбек Досмаилұлы болса ортақ үйіміз Қазақстан, оның қай жерінде болмасақ та аянбай еңбек етіп, өз мамандықтарыңның шебері болыңдар деп тапсырды. Сонымен қатар кездесуге Жастар саясаты мәселесі жөніндегі басқармасы мен Жастар бастамаларын дамыту орталығының мамандары қатысты. «Серпін» студенттеріне жауапты Ғабит Хафиз «Өңір басшыларының бұл кездесуге келуі үлкен аймақаралық ынтымақтастықтың нышаны, әрі Елбасы саясатының жүзеге асып жатқан айқын тұсы»,- деп өз ойын білдірді.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/eki-oblysty-kimder-orynbasarlary-serpin-studentterimen-kezdesti-767562](https://yvision.kz/kk/post/eki-oblysty-kimder-orynbasarlary-serpin-studentterimen-kezdesti-767562)