---
title: "Екі көрші"
description: "Бұрын екі көрші болыпты. Бірінде бір сиыр болса, екіншісінде екі сиыр бар екен. Бір сиыры бар бақыр ..."
author: "yerkinuly1"
published: "2013-03-26T12:48:02+00:00"
modified: "2013-03-26T12:54:03+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/eki-k-rshi-344001"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/eki-k-rshi-344001/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Екі көрші

> Бұрын екі көрші болыпты. Бірінде бір сиыр болса, екіншісінде екі сиыр бар екен. Бір сиыры бар бақыр ...

Бұрын екі көрші болыпты. Бірінде бір сиыр болса, екіншісінде екі сиыр бар екен. Бір сиыры бар бақыр Жаратқанға жалбарынып, неге олай болды деп өкініштен өзегі өртеніпті. Құдай оған жарайды деп бір сиыр берсе,алмай қойыпты.Маған сенен сиыр керек емес, көршімнің бір сиырын алып қойшы деп жалынған екен.Мұны не үшін жазып отыр дерсіз...

Facebook –те ( [#mce_temp_url#](http://www.facebook.com/groups/aladop.kz/permalink/479013792152948/?comment_id=479065205481140%C2%ACif_t=like) ) бір әріптесім «Өзбектердің ұтылғаны қандай тамаша!» деп жазба қалдырыпты.Шынымды айтсам, комментатор бола тұра, осындай абсурдты нәрсе жазуы мені қатты таң қалдырды.Мен көршілеріміздің Әлем Чемпионатына жолдама алуына тілектеспін.Олар (өзбектер) қазіргі уақытта өз тобында бірінші орында келеді.Енді бар-жоғы 3 ойын ғана қалды.Оны ойдағыдай өткізсе, көршілеріміз Бразилияға билет ала берсе болады.Осы жәйт бізге(қазақтарға) ұнамай жатыр.Егер де Өзбекстан құрамасы Әлем Чемпионатына қатысатын болса, жоғарыда атап өткен «әріптесім» секілді адамдардың «бір жері» қатты ашитын болады..Олар Қазақстан құрамасының жеңісін тілеуден гөрі көршілеріміздің жеңілісін Құдайдан сұрап жүргендер.Өкінешке орай мұндай жандар арамызда көп.Неге біз Түркия, Испания, Голландия мен Ресейдің табысына қуанамыз да, ғасырлар бойы көрші боп келе жатқан өзбектерді көре алмаймыз?Мысал іздеп алысқа бармай-ақ қояйын.Ресей елі көршісі Украинаны қолдап , жеңіске жетсе қуанып жатады. Бізде керісінше.Еуропаның топ-клубтарында жүрген мұсылман бауырларымызға, Чемпиондар Лигасында түркі тілдес елдердің жалғыз өкілі деп Галатасарайға жанкүйер боп, қазір «кәфір» саналатын Андрей Аршавиннің Лондонның Арсеналына өтуінің өзі көп қазақтың баласының «канонирлерге» жанкүйер болуына ықпал еткен.Өйткені көршіміз ғой.Мынау тұрған «пәшти өзіміздің» Ресейдің баласы Англияда доп теуіп жүр.Неге қуанбасқа? Сөйте тұра орыстарға қарағанда территория бойынша да, дініміз бен діліміз бір өзбектер мен қырғыздарды көре алмаймыз.Өйткені олар бізден озбау керек.Біз- баймыз, олар-кедей.Олар біздің үйіміз бен моншамызды соғып жүр.. қалай олар «қазақтар» бара алмайтын Әлем Чемпионатына барады?Қалай олар Мессиді жақыннан көреді? Біз дамыған 50 мемлекеттің қатарындамыз... ал өзбектер тико мінсе де, ФИФА рейтингінде 59-шы орында...бәсекелесттікке қабілетті Қазақстан 139-шы орында???Қалайша?

Мен мұны комментатор болғандықтан жазып отырған жоқпын.Бұл футболдың проблемасы емес, бұл ұлттың проблемасы.Біз үнемі сол өзбектерді көре алмаймыз. Жек көреміз. Менсінбейміз. Не үшін? Олар бізге сонша не істеді? Біз олардың жеңісін көре алмай жүргенімізді өзбектер білмейді де.Ең бастысы біз туралы көршілеріміз жаман ойда емес. Бақталаспыз дейді «жаңағылар».. Қай жерде, қай салада бақталаспыз? Бөлісіп немесе бөлісе алмай жатқан ештеңеміз жоқ.Футболға оралсақ біз тіпті басқа топта ғана емес,..біріміз – Азияда, біріміз Еуропадамыз. Бірақ оларға деген агрессия басылар емес. Әлгі «жоғары білімді» әріптестерім үшін, шынымды айтсам ұялып отырмын. Әріптес,отандас,замандас ретінде олар үшін мен қызардым. Мен ЖОО аяқтамасам да... «миым» өзгенің табысына қуана білуге, барлық ұлт өкіліне бірдей қарай алуға жететіне қуанышытымын.Исламда да басқа дін өкілдерін сыйлауға шақырады.Өз мұсылманыңа деген өш тіпті орынсыз.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/eki-k-rshi-344001](https://yvision.kz/kk/post/eki-k-rshi-344001)