---
title: "ЕХРО-2017 арнап 2017 оқушы Атамекен әнін айтып, 2017 шар ұшырды"
description: "Оқу жылының аяқталуына орай және ЕХРО-2017 жобасын қолдау мақсатында Астана қаласының 7 мектеп-гимна..."
author: "kaztube1"
published: "2013-05-24T01:54:04+00:00"
modified: "2013-05-24T01:54:04+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/ehro-2017-arnap-2017-o-ushy-atameken-nin-aytyp-2017-shar-shyrdy-354253"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/ehro-2017-arnap-2017-o-ushy-atameken-nin-aytyp-2017-shar-shyrdy-354253/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# ЕХРО-2017 арнап 2017 оқушы Атамекен әнін айтып, 2017 шар ұшырды

> Оқу жылының аяқталуына орай және ЕХРО-2017 жобасын қолдау мақсатында Астана қаласының 7 мектеп-гимна...

Оқу жылының аяқталуына орай және ЕХРО-2017 жобасын қолдау мақсатында Астана қаласының 7 мектеп-гимназиясында оқушылар флешмоб ұйымдастырды. Бір уақытта 2017 оқушы Атамекен әнін айтты.

![ЕХРО-2017 арнап 2017 оқушы Атамекен әнін айтып, 2017 шар ұшырды](https://storage.yvision.kz/images/user/kaztube1/cgztNaqcStHBai8j21IgAm14ol53s4.jpg)

ЕХРО-2017 арналған флешмобта 2017 оқушы 2017 шарды көкке жіберді. Бұл шараны "Заңғар" шығармашылығы қолдады. Керемет!

![ЕХРО-2017 арнап 2017 оқушы Атамекен әнін айтып, 2017 шар ұшырды](https://storage.yvision.kz/images/user/kaztube1/R4B5D4hKa9cjMD5mCalffoLsBuXYyg.jpg)

"Шет елдің биін жастарымызға сіңіріп,флешмоб ұйымдастырғанша,неге өзіміздің ән мен биді насихаттамасқа" дейді 7мектеп-гимназияның директоры.

![ЕХРО-2017 арнап 2017 оқушы Атамекен әнін айтып, 2017 шар ұшырды](https://storage.yvision.kz/images/user/kaztube1/E74WIgQT7wQqH4t5K77eV5Z4UgYHtq.jpg)

ЕХРО-2017 құрметіне ұйымдастырылған 2017 оқушыдан тұратын флешмоб. Керемет өтті.

![ЕХРО-2017 арнап 2017 оқушы Атамекен әнін айтып, 2017 шар ұшырды](https://storage.yvision.kz/images/user/kaztube1/E22mQir1RtBFlg3AsQ07KmfCrJIl23.jpg)

Ертең мектеп бітіргелі жатқан мектеп түлектері Бөгенбай көшесіне сән берді Бұл - 7 мектеп-гимназияның ұйымдастырған флешмобы. ЕХРО-2017 - 2017 оқушы.

![ЕХРО-2017 арнап 2017 оқушы Атамекен әнін айтып, 2017 шар ұшырды](https://storage.yvision.kz/images/user/kaztube1/ne3Ogy0zA7IF8a9MrLEsmefOnWaOZH.jpg)

Ертең елімізді әлем тамашалайтын ЕХРО-2017 туралы оқушыларға ақпарат беру, санасына сіңіру мақсатында ұйымдастырылған бұл флешмобтың берері мол.

Әрі бір мезетте орындалған Е.Хасанғалиевтің Атамекен әні де патриоттық сезім сыйлайды.

Ертең елімізді әлем тамашалайтын ЕХРО-2017 туралы оқушыларға ақпарат беру, санасына сіңіру мақсатында ұйымдастырылған бұл флешмобтың берері мол. Әрі бір мезетте орындалған Е.Хасанғалиевтің Атамекен әні де патриоттық сезім сыйлайды.

![ЕХРО-2017 арнап 2017 оқушы Атамекен әнін айтып, 2017 шар ұшырды](https://storage.yvision.kz/images/user/kaztube1/4ztom5jiTH5NLI7uShnI8qEvAnD4A2.jpg)

"2017 шар аспанға қалай ұшса, ЕХРО-2017 арқылы Қазақстанның мәртебесі де солай шарықтасын" деген ниетпен ұшырылған 2017 шар.

![ЕХРО-2017 арнап 2017 оқушы Атамекен әнін айтып, 2017 шар ұшырды](https://storage.yvision.kz/images/user/kaztube1/4Q37P381iajij6t2hvv9jilBnakcwa.jpg)

"Біздің 7 мектеп-гимназияның оқушылар мұндай флешмобтарға үнемі дайын. Алда талай шаралар өткіземіз" дейді мектеп-гимназия директоры.

![ЕХРО-2017 арнап 2017 оқушы Атамекен әнін айтып, 2017 шар ұшырды](https://storage.yvision.kz/images/user/kaztube1/HPaP4x30Bn8Wz3juDIHRp1Hx0mmB5K.jpg)

Бүгінгі керемет жобаның ұйымдастырушылары.

Сол жақтан бастап, бірінші тұрған - 7 мектеп-гимназиясының директоры, екінші - Заңғар шығармашылығының жетекшісі және мектеп-гимназия мұғалімдері.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/ehro-2017-arnap-2017-o-ushy-atameken-nin-aytyp-2017-shar-shyrdy-354253](https://yvision.kz/kk/post/ehro-2017-arnap-2017-o-ushy-atameken-nin-aytyp-2017-shar-shyrdy-354253)