---
title: "Egov.kz порталының тіркелген пайдаланушыларының саны 4 есе артты"
description: "2011 жылдың 10 айы ішінде egov.kz порталының тіркелген пайдаланушыларының саны 4 есе артты. Бұл тур..."
author: "egovkz"
published: "2011-11-22T22:27:52+00:00"
modified: "2011-11-22T22:27:52+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/egov-kz-portalyny-tirkelgen-paydalanushylaryny-sany-4-ese-artty-208033"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/egov-kz-portalyny-tirkelgen-paydalanushylaryny-sany-4-ese-artty-208033/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Egov.kz порталының тіркелген пайдаланушыларының саны 4 есе артты

> 2011 жылдың 10 айы ішінде egov.kz порталының тіркелген пайдаланушыларының саны 4 есе артты. Бұл тур...

![Egov.kz порталының тіркелген пайдаланушыларының саны 4 есе артты](https://storage.yvision.kz/images/user/egovkz/C9RL05oN1R6444XFi68E3l59gBJCta.jpg)

**2011 жылдың 10 айы ішінде [egov.kz](http://www.egov.kz/wps/portal) порталының тіркелген пайдаланушыларының саны 4 есе артты. Бұл туралы баспасөз мәслихатында ҚР Байланыс және ақпарат вице-министрі Сәкен Сәрсенов хабарлады. **

«Тіркелген пайдаланушылардың саны 4 есе артты, 789 мың электронды сандық қолтаңба берілді. ЭСҚ алуға хабарласқан қазақстандықтардың саны ай сайын 5-6 есе артты. Айыппұлдар мен салықтарды төлеу бойынша онлайн-қызметтердің танымалдылығы ұлғайды», - деп хабарлады С. Сәрсенов.

Вице-министр сондай-ақ ЭСҚ пайдаланудың жеңілдетілген рәсімін іске қосу пайдаланушылардың статистикасына оң әсер еткенін атап өтті.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/egov-kz-portalyny-tirkelgen-paydalanushylaryny-sany-4-ese-artty-208033](https://yvision.kz/kk/post/egov-kz-portalyny-tirkelgen-paydalanushylaryny-sany-4-ese-artty-208033)