---
title: "Егіндікөл ауданының оқушылары сыбайлас жемқорлыққа қарсы!"
description: "А.ж. 17 қарашада Рухани-адамгершілік және азаматтық-патриоттық тәрбиелеу контекстінде сыбайлас жемқо..."
author: "anticorr03akmol"
published: "2017-11-26T03:20:18+00:00"
modified: "2017-11-26T03:20:18+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/egindik-l-audanyny-o-ushylary-sybaylas-zhem-orly-a-arsy-786119"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/egindik-l-audanyny-o-ushylary-sybaylas-zhem-orly-a-arsy-786119/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Егіндікөл ауданының оқушылары сыбайлас жемқорлыққа қарсы!

> А.ж. 17 қарашада Рухани-адамгершілік және азаматтық-патриоттық тәрбиелеу контекстінде сыбайлас жемқо...

![](https://storage.yvision.kz/images/user/anticorr03akmol/8HjpbplsEhzasA7ZhtpK3sftJUW0g7.jpg) А.ж. 17 қарашада Рухани-адамгершілік және азаматтық-патриоттық тәрбиелеу контекстінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті мектеп ортасында қалыптастыру бағдарламасы аясында Егіндікөл ауылының орта мектебінде «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубының мүшелерімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптағы ашық іс-шара өткізілді.

Іс-шараның мақсаты: жемқорлық, оның пайда болу, даму себептері туралы оқушылардың теориялық білім деңгейін толықтыру, нормативті-құқықтық құжаттармен жұмыс жасау дағдыларын дамыту, белсенді өмір ұстанымын тәрбиелеу, оқушыларға жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың практикалық шараларын үйрету.

Іс-шара барысында жемқорлықтың кездесуі мүмкін жеке жағдайлары қаралып, жемқорлық көріністерін жою немесе азайту шараларыталқыланды.

Іс-шара екі команданың қатысуымен, сайыс түрінде өтті.

Ойын соңында оқушылар сыбайлас жемқорлық қандай күшті жау болса да, оған қарсы күресуге және оны жеңуге болатындығы жөніндегі ортақ пікірге келді.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/egindik-l-audanyny-o-ushylary-sybaylas-zhem-orly-a-arsy-786119](https://yvision.kz/kk/post/egindik-l-audanyny-o-ushylary-sybaylas-zhem-orly-a-arsy-786119)