---
title: "Егін салу науқанына дайындығымыз қандай?"
description: "2020 жылы 22,5 млн га жерге егін егу жоспарланған, бұл 2019 жылғы деңгейден 238 мың га артық. Дәнді ..."
author: "Anuarbek_Ainash"
published: "2020-03-19T04:52:48+00:00"
modified: "2020-03-24T09:14:25+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/egin-salu-nau-anyna-dayyndy-ymyz-anday-852124"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/egin-salu-nau-anyna-dayyndy-ymyz-anday-852124/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Егін салу науқанына дайындығымыз қандай?

> 2020 жылы 22,5 млн га жерге егін егу жоспарланған, бұл 2019 жылғы деңгейден 238 мың га артық. Дәнді ...

2020 жылы 22,5 млн га жерге егін егу жоспарланған, бұл 2019 жылғы деңгейден 238 мың га артық. Дәнді дақылдар шамамен 15,2 млн га алқапқа (оның ішінде бидай - 11,4 млн га), майлы дақылдар - 3 млн га (егістік алқабын 122 мың га ұлғайту), мақта - 110 мың га, қант қызылшасы - 22 мың га, бақша дақылдары мен картоп - 471,7 мың га, жемшөп дақылдары - 3,7 млн га жерге отырғызылады.

![](https://storage.yvision.kz/images/user/315956/b733bb812cb733fa82ffb4cf4e5ff8.jpg)

Көктемгі дала жұмыстары үшін дизель отынының қажетті көлемі анықталды - 387 мың тонна (ауылшаруашылық тауар өндірушілер үшін орташа баға 1 литрге шамамен 177 теңгені құрайды). Республикада 143 мың трактор, 78 мың дән сепкіш, 243 мың өңдеуші құрал және 4 мың себу кешені бар. Ағымдағы жылдың 15 наурызындағы жағдай бойынша тракторлардың дайындығы 94%, сепкіштердің - 93%, себу кешендерінің - 100% және егістік құралдардың 95%-ды құрайды.

«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ агроөнеркәсіптік кешенін қолдау үшін республикалық бюджеттен 70 миллиард теңге көлемінде бюджеттік несие бөлінді, бұл әдеттегіден 10 миллиард теңгеге артық. Соңғы қарыз алушылар үшін сыйақы мөлшерлемесі жылдық 5%-дан аспайды. Бөлінген қаражат жалпы ауданы 3 млн га болатын 2400 АӨК субъектілерін қаржыландыруға мүмкіндік береді.

Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында осы мәселе, яғни көктемгі дала жұмыстарына дайындық қаралды. Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров аграршылардың егіс науқанына дайындығы туралы баяндады, ҚР Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз етілгендігі туралы хабарлады, аймақтардағы жағдай туралы Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев, Алматы облысының әкімі Амандық Баталов, Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов баяндады.

Үкімет басшысы кейбір аймақтардың тұқым сатып алу жоспарларынан артта қалғанын атап өтті – Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Павлодар және Ақтөбе облыстары, ауылшаруашылық техникасын оқыту - Батыс Қазақстан, Ақмола, Алматы және Қызылорда облыстары, сонымен қатар, Жамбыл және Түркістан облыстарынан басқа, барлық облыстарда тыңайтқыштарға субсидиялаудың бекітілген нормаларының болмауын атап өтті.

«Ауыл шаруашылығы министрлігі мен облыс әкімдері көктемгі дала жұмыстарын сапалы жүргізу үшін уақытылы шаралар қабылдасын. Энергетика министрлігі дизель отынының қажетті мөлшерін бекітілген кестеге және бағаларға сәйкес жеткізуді қамтамасыз етеді», - деді Асқар Мамин.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/egin-salu-nau-anyna-dayyndy-ymyz-anday-852124](https://yvision.kz/kk/post/egin-salu-nau-anyna-dayyndy-ymyz-anday-852124)